12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Медиатор жұмысы – дауды шешу кепілі

Медиация — үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі. Аталған үшінші тарап ретінде медиаторды танимыз, ол даудың немесе сотта қаралатын істің қатысушыларының белгілі бір келісімге келуіне көмектеседі, сонымен бір мезгілде тараптар дауды реттеу мен оны шешудің шарттары жөнінде шешім қабылдау үдерісін толығымен бақылап отырады.
Медиация азаматтық, еңбекке қатысты, отбасылық және басқадай құқықтық қатынастарға байланысты, сондай-ақ ауырлығы шағын және орташа қылмыстық істер жөнінде туындаған дауларда қолданыла алады. Азаматтар, сондай-ақ заңды тұлғалар медиацияға белсенді түрде жүгінген жағдайда сот жүйелеріне түсетін ауыртпалықты айтарлықтай жеңілдетіп, соның арқасында анағұрлым ірі істердің шешілу сапасын арттыруға болады. Халықаралық статистикаға сәйкес, барлық даулардың 30-40 % медиация рәсімінен өтеді, олардың 85 %-нда оң нәтижелерге қол жеткізілген. Қазақстанда «Медиация туралы» Заң 2011 жылдың 5 тамызында күшіне енді. Бұл заң ҚР медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ, медиатордың мәртебесін айқындайды. Аталған заңды негізге ала отырып Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесі мен Қызылорда облысы бойынша халықаралық құқық қорғау, медиация және келісім орталығымен өзара меморандум аясында сотталған азаматтармен кездесу өтті. Кездесу барысында медиация жұмысының жазасын өтеушілерге тигізер көмегі жайлы, медиция жұмыстары қандай кезеңдер арқылы жүзеге асатындығы жайында сөз қозғалды.
«Сотты болған азамат пен айыптаушы тарап арасында медиация жұмысын жүргізу — екі тарапта да ерікті түрде, барынша құпиялықты сақтай отырып тараптардың тең құқығы мен өзара сыйластық, сондай – ақ медиатордың бейтараптығы мен әділдігі қағидалары сақтала отырып жүзеге асады» – деді Қызылорда облысы бойынша директоры Маратбек Нұржанов.
Өз кезегінде жазасын өтеуші азаматтар арызданушы тараппен жаза мерзімін жеңілдету мақсатында келісімге келу жолдары мен қосымша сұрақары жайында жауап алды. Аталған кездесу алдағы уақытта да жалғасын табады.

Адина Жомартқызы
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Дені саудың — жаны сау!

    БҰҰ Бас Ассамблеясы 2015 жылы қабылдаған Тұрақты даму...

ҚазҰУ Заң факультеті: Қазақстандағы құқықтық білімнің флагманы

 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Заң факультеті Қазақстанның ең...

Мемлекеттік тіл мерейім!

Мемлекеттік тілге деген құрмет ауыз екі тілде қазақша таза...

Қызылорда да сотталғандар ұлттық ойыннан сынға түсті

Қылмыстық-атқару саласына қарасты №68 мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандар...

СИЛА ЖЕНЩИНЫ: ПОБЕЖДАТЬ, ВДОХНОВЛЯТЬ, ЖИТЬ

19 ноября в Алматы в рамках проекта «Розовый октябрь»...