Жаңа жыл қарсаңында Түркістан облысының бірқатар полицейлері кезекті шендерін алды

Бүгін Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында 2022 жылы өзінің қызметтік міндетін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген полицейлерге басшы құрамның арнаулы атақтары мен полиция лейтенанты шендері табыс етілді. Салтанатты шараны Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов ашып, жеке құрамға Жаңа жылдық құттықтауын арнады.
«Құрметті әріптестер! Келе жатқан Жаңа жыл баршаңыздың жанұяларыңызға жақсылық әкелсін. Еліміз тыныш болып, әрқашан бейбітшілікте ғұмыр кеше берейік. Осы мақсатта біздің жеке құрам жұдырықтай жұмылып, Түркістан облысы Полиция департаментінің алдына қойылып отырған міндеттерді абыроймен атқара берейік!»- деп жеке құрамның қоғамдық тыныштықты сақтаудағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
ҚР ІІМ-нің бұйрығымен Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Бауыржан Жанаев, полиция полковнигі арнаулы атағын алды. Ал полиция подполковнигі шенін, полиция майорлары Сержан Оспанов пен Димаш Абдуманапов иеленді.
Сонымен қатар полиция майорын Ниятбек Халуов, Нұрсұлтан Түймебаев, Керім Қапашов, Жасұлан Нұрлыбай, Байбол Сыпабеков, Төрехан Отаров, Темур Айдарбек, Олжас Жанықұлов, Абай Торыбаев, Нұркен Шамсудин алды. Одан бөлек бірқатар полицейлер полиция лейтенанты шенін алып, халыққа қалтқысыз қызмет етуге ант етті. Іс-шара соңында жиналғандар естелікке суретке түсті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қылмыстың алдын алудың заманауи мәселелері

Қазақстанда қылмыстың алдын алу (профилактика) – құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы...

Гендерлік теңсіздік бар жерде сыйластық болмайды

Қай заман болса да отбасындағы теңсіздіктің кесірінен нәзік жандарға...

Кәсіпкерлікті дамыту

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №79 мекемесінде...

Қазақстандағы Конституциялық комиссия мен цифрлық платформалар реформаның инклюзивтілігін қамтамасыз етті – америкалық сарапшы

Қазақстандағы конституциялық реформа өзгерістерді дайындаудың инклюзивті тетіктерінің және реформаларды...

Референдум как показатель политической вовлеченности граждан в принятие государственных решений

Референдум в Казахстане позволяет зафиксировать несколько важных тенденций в...