12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жаңа өзгеріс сапаға әсерін тигізген жоқ

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында қадағалау органы өкілдерінің, адвокаттардың, медиаторлар мен заңгерлердің қатысуымен онлайн жиын өтті. «Төтенше жағдай кезінде сот отырыстарын ұйымдастыруда нені ескеру керек?» деген сұрақ талқыға түскен бұл жиынды Бостандық аудандық сотының судьясы Раушан Тұрсымбаева ұйымдастырды.

Әлемді алаңдатқан індет Қазақстанды да айналып өтпеді. Пандемиядан халықты сақтау, коронавирус жұқтыру деректерін тежеу мақсатында барлық саланың карантин талаптарына бағынып, жұмысын үйлестіргені белгілі. Мұндай үрдіс сот саласының да күн тәртібіне айтарлықтай өзгеріс әкелді. Жиынның мақсаты онлайн жиынға қатысушыларға сот отырыстарын қашықтан өткізудің мақсаты мен мәнін айтып, кедергілерді жоюға қатысты пікір-тілектерді тыңдауға бағытталған еді.

– Сот мәжіліс залдарында істі қарау тараптардың өмірін қауіпке тігумен бірдей. Бір іске кем дегенде онға жуық азамат қатысады. Олармен бірге ілесіп келетін адамдар бар. Шулы істерге қатысушылар жүздеп саналады. Осынша көп адамның күту залында бірге отыратыны да белгілі. Осы ортаға бір ғана сырқат адам кірсе, айналасындағы адамдарға қатер. Иммунитеті төмен, әлсіз адамдарға тіпті қиын. Міне сондықтан да сот отырыстарын жаңа технологиялар көмегімен қашықтан, онлайн өткізу туралы шешім қабылданған болатын, – деген судья Раушан Тұрсымбаева қашықтан сот отырысын өткізудің қиындықтарын да тарқатып айтып берді.

– Жаңа өзгерістерге көңілі толмай, ісінің бұрынғыдай сот мәжіліс залдарында қаралғанын қалайтындар да бар. Бірақ олар көп емес. Ал төтенше жағдай енгізілгелі бері қашықтан қаралған сот отырыстарында кездесетін бірнеше кемшілікті айтуға болады. Біріншіден, осы аралықта оқушылар мен студенттер қашықтан білім алып, басқа салалар интернет арқылы жұмысын жүргізген соң желілік байланыста ауытқулар болмай қалған жоқ. Мұның сот отырысын өткізудегі сапаға әсер еткені рас. Интернет жылдамдығының нашарлығынан тараптардың сот отырысына қосыла алмаған кезі де болды. Сөздердің анық естілмегенін, байланыстың үзіліп кеткенін айтып шағымданғандар да кездесті. Алайда, осы кедергілердің бәрі уақыт өте шешімін тауып, бір жүйеге түсіп келеді, –деді судья.

Онлайн-жиынға қатысқандар «Сот кабинеті» сервисі қызметіне, сот отырысы өтетін мезгілді себепсіз өткізіп алатындарға қатысты жауаптылықты көтеру мәселесін қозғады.

Камила Ысқақова,

«Заң газеті»

СИЛА ПОЛИЦИИ – В ДОВЕРИИ НАРОДА

В ЯНВАРЕ ЭТОГО ГОДА ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПРОВЕЛ...

КАК ЖИВЕШЬ, СЕЛЬСКАЯ ШКОЛА?

Каждый день директора общеобразовательной школы № 2 села Балкашино...

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...