12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЖАҢА ТӨЛЕМ МЕХАНИЗМІ КІМГЕ ТИІМДІ?

МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУҒА ЖАРНАЛАРДЫ ТӨЛЕУДІҢ ЖАҢА ТЕТІГІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ. БҰЛ ШАРА 5 ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАЛДЫ. ОНЫ «САҚТАНДЫРЫЛҒАН» МӘРТЕБЕСІ БАР, СОНДАЙ-АҚ, ЖҮЙЕГЕ ЕШҚАШАН ТӨЛЕМ ЖАСАМАҒАН НЕМЕСЕ ОНЫ ЖҮЙЕСІЗ ЖАСАҒАН БАРЛЫҚ ДЕРБЕС ТӨЛЕУШІЛЕР ПАЙДАЛАНА АЛАДЫ. БҮГІНДЕ ШАМАМЕН 3,4 МЛН АДАМ ТҰРАҚТЫ ТАБЫСЫНЫҢ НЕМЕСЕ ЖАЛПЫ ТАБЫСЫНЫҢ БОЛМАУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕН ТЫС ҚАЛЫП ОТЫР.

Бұл оларға жоспарлы және жоғары технологиялық медициналық көмекке, аурулардың алдын алуға және медициналық диагностикалауға қол жеткізуді қиындатады. Президент сақтандырылмаған азаматтарды МӘМС жүйесіне тарту бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажеттілігі туралы бірнеше рет айтқан. Жаңа төлем механизмі бұған ықпал етеді деген үміт бар.

Бүгінгі күнге дейін медициналық сақтандыруға жарналарды ешқашан төлемеген немесе жүйелі түрде төлемеген, соның салдарынан сақтандыру мәртебесінен айырылған дербес азаматтарға қызмет алу үшін МӘМС жарнасын төлемеген айлары үшін, тіпті төлем уақытын өткізіп алған жыл үшін де жарна құю қажет болды. Жаңа бастамаға сәйкес оларда балама әдіс пайда болды. Яғни, мұндай азаматтар алдағы 12 ай үшін төлем жасамай және өткен кезеңді төлемей, сақтандырылу мәртебесін ала алады. Бұл қалай жұмыс істейді және төлеушілерге қандай нюанстарды білу керек? Осы секілді төлеушілер тарапынан туындауы мүмкін басқа да сауалдарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының заңды және жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі департаментте Ақпараттық-түсіндіру жұмысы басқармасының бастығы Ирина Подскочая жауап берді.

– Соңғы 12 айда азаматтың МӘМС жарналары төленді, мәртебесі сақтандырылған. Алдағы жылға жарна төлеуі міндетті ме, әлде оларды ай сайын төлей ала ма?

– Азаматтар жарналарды өзіне ыңғайлы етіп төлей алады. Мәселен, ай сайын, тоқсан сайын жүйелі түрде төлеуді жалғастырады немесе 12 айға бірден төлей алады.

– Айталық азамат МӘМС-ке жарналарды ешқашан төлемеген болса, яғни, оның бірде-бір төлемі жоқ дейік. Сәйкесінше оның мәртебесі де жоқ. Осы мүмкіндікті пайдаланып, алдағы 12 айға төлем жасай ала ма, әлде алдыңғы төленбеген кезеңді өтеуі керек пе?

– Жоқ. Бұл норма осы азамат сияқты төлеушілерге жүйеге «ауыртпалықсыз» кіруге көмектесуді мақсат етеді. Мұндай азаматтар сақтандыру мәртебесін ағымдағы айға және алдағы 12 айға жарналарды төлеу арқылы 3 жұмыс күні ішінде ала алады.

– МӘМС жарналарын кезең-кезеңімен төлегенмен, төленбеген кезеңдер бар болған дейік. Соның салдарынан қазіргі кезде азамат сақтандырылмаған. Мұндай жағдайда жарналарды бір жыл бұрын төлеп, мәртебе ала ма, жоқ алдымен бұрын төленбеген айларды жабу қажет бола ма?

– Мұндай азаматтарда екі нұсқа бар. Біріншісі, барлық өткізіп алған кезеңдерді өтеу, әлдеқайда аз сомамен айналып өту және әрі қарай сақтандыру мәртебесінде қалу үшін МӘМС-ке ай сайын төлем жасау керек. Немесе екінші, өткен кезеңді төлемей, бір жыл бұрын жарналарды төлеу тиімді.

– Егер азамат осы жылдың қыркүйегінен бастап жаңа төлем әдісін қолдануды ұйғарса, онда жарналарды қай кезеңге төлеуі керек, 2023 жылдың тамызына дейін бе?

– Олай емес. Заң нормасында төлемдер болашақ кезеңдер үшін жасалуы керек деп көрсетілген. Қыркүйек ағымдағы кезең болып саналады. Тиісінше, бір жылға мәртебе алу үшін жарналарды 2022 жылдың қазанынан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін төлеу керек. Егер азамат 2023 жылдың қыркүйегінен тамызына дейін төлесе, оған мәртебе берілмейді, өйткені ағымдағы ай төлемге кірмейді. Тиісінше, жүйе тек 11 айға төлемді ескереді.

– Мен болашақ 12 ай үшін төлем жасадым дейік, маған 2023 жылдың қыркүйегіне дейін мәртебе берілді. Егер мен осыдан кейін жарна төлеуді тоқтатсам, мәртебем сақтала ма?

– БЖТ төлеушілерден басқа төлеушілердің барлық санаттарында сақтандыру мәртебесі МӘМС-ке соңғы төлем төленгеннен кейін 3 ай бойы сақталады. Соңғы төлем 2023 жылдың қыркүйегінде болды делік, демек, сақтандырылудың шартты мәртебесі сол жылдың желтоқсанына дейін сақталады. Бірақ сіз осы кезеңде қарызыңыздың жинақталатынын түсінуіңіз керек, оны болашақта мәртебеңізді сақтау үшін өтеу керек.

– Егер мен төлем жасауды тоқтатсам, біраз уақыт менің мәртебем, яғни 3 ай бойы сақталып, содан кейін жойылды делік. Мұндай жағдайда өткен айлар үшін қарыз төлеу керек пе, әлде бір жыл бұрын мәртебені тағы «сатып алуға» бола ма?

– Жарналарды бір жыл бұрын төлеген жағдайда өткен кезеңдегі берешек ескерілмейді. Бірақ бұл жерде мәртебе тек болашақ кезеңге тағайындалғанын ескеру керек. Мәртебені қазір алу үшін МӘМС-ке ағымдағы ай үшін де ақы төлеу қажет.

– Жыл сайын АЕК және ЕТЖ мөлшері өзгеріп отырады, соңғысына дербес төлеушілер үшін медициналық сақтандыру жарналарының мөлшері байланысты болады. Келесі жылы ең төменгі жалақыны 70 мың теңгеге дейін ұлғайту қажеттігі жарияланды. Тиісінше, МӘМС жарналарының мөлшері өзгеруі керек. Ендеше, азаматтар осы өзгерістерді ескере отырып төлем жасауы керек пе? Әлде қазіргі ставкалар бойынша төлеуге мүмкіндік бола ма?

– Төлемдердің мөлшері белгілі бір қаржы кезеңінен бастап, әдетте 1 қаңтардан бастап белгіленеді. Қазіргі уақытта дербес төлеушілер 60 мың теңгенің 5%-ын төлейді, бұл – 3 мың теңге. Тиісінше, егер азаматтар осы жылы жарналарды төлейтін болса, келесі жылды ескере отырып, жарналардың қолданыстағы мөлшеріне назар аудару керек. Мәселен, егер азамат 2021 жылы өткізіп алған айларды төлегісі келсе, онда 2 125 теңгеден төлейтін болады, өйткені, сол кезде ЕТЖ мөлшері 42 500 теңге деңгейінде бекітілген болатын. Егер МӘМС-ке жарналарды 2023 жылдан бастап төлейтін болса, онда жарналардың мөлшері басқа болуы мүмкін.

– Тағы бір білгіміз келетіні, егер азамат бір жыл бұрын МӘМС-ке жарналарды төлеп, содан кейін жеңілдікті санатқа көшсе, төленген сомадан айырманы қайтара ала ма?

– Жоқ, бұл төлемдерді қайтаруға болмайды, өйткені олар артық немесе қате төленген деп саналмайды. Алайда, әр жағдайды жеке қарастыруға болады. Мүмкін, адам бір кезеңде жарналарды екі рет төлеген немесе төлем жасау кезінде қандай да бір қате жіберген, мысалы, ЖСН-ді дұрыс көрсетпеген шығар. Мұндай жағдайларда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтініш жазып, қаражатты қайтару үшін растайтын құжаттарды қоса беруге болады.

– Ал азамат жеңілдік санатында болып, кейін одан шықты дейік. Сонда міндетті түрде бір жыл бұрынғы жарнаны төлеуі керек пе немесе ай сайын төлем жасай ала ма?

– МӘМС-ке жарналар төлеу заңмен бекітілген, бірақ төлем әдісін адам өзі анықтайды. Бұл жағдайда бірнеше нұсқа болуы мүмкін. Бірінші, егер сіз бір жылдан астам уақыт бойы үздіксіз жеңілдік санатында болсаңыз және мемлекет сіз үшін шегерім жасаған болса, жеңілдік мәртебесінен шыққаннан кейін сіз үнемі төлемдер жасап, сақтана аласыз. Екінші, сіздің жеңілдік мәртебеңіз бір жылдан аз уақыт ішінде қолданыста болса және оған кіргенге дейін төленбеген айлар болса, сіз дереу мәртебені алу үшін қарызды төлеп, үнемі аударымдар жасауды жалғастыра аласыз немесе ағымдағы ай мен келесі 12 айдағы жарналарды төлей аласыз. Егер сіз жарналарды келесі жылға ғана төлейтін болсаңыз, онда бірден емес, келесі айдан бастап қана мәртебеге ие болатыныңызды ескерген жөн.

– Айталық мен БЖТ төлеушімін және қыркүйек айында жарналар төлеген болсам, мен де бір жылға мәртебе ала аламын ба?

– Бұл механизм тек тәуелсіз төлеушілер үшін қарастырылған. Сіз төлеушілердің осы санатына оңай ауыса аласыз, содан кейін бір жылдағы мәртебе сізге қолжетімді болады. Егер сіз БЖТ төлеуші санатында қалғыңыз келсе, болашақ кезеңдерге төлемдер жасай аласыз, бірақ тек осы жылдың соңына дейін. Неліктен? Біріншіден, келесі жылдан бастап бірыңғай жиынтық төлем мөлшері өзгеруі мүмкін. Екіншіден, азаматтардың кейбір санаттары БЖТ төлеушілерден шығарылады. Бухгалтерлік есеп немесе аудит, сақтандыру қызметі саласында және құқық, әділет және сот төрелігі саласында консультациялық, маркетингтік қызмет көрсететіндер. Бүгінгі таңда Салық кодексінің 774-бабына сәйкес, бірыңғай жиынтық төлемді шетелдік азаматтар, жұмыскерлер, жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскерлер, сондай-ақ, коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беретіндер төлей алмайды.

– Азаматтарға тағы нені білу маңызды?

– Төлемдердің болуы және бір жылға мәртебе беру туралы ақпаратты сақтандыру мәртебесін тексеретін тәсілдермен алуға болады. Мәселен, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы немесе Telegram SaqtandyrýBot арқылы. Төлемдер мен мәртебе туралы ресми құжатты мемлекеттік қызметтер арқылы eGov.kz электрондық үкімет порталынан алу да жеңіл. Сіз 12 айға төлемдерді бірден жасай алмайсыз, өйткені, жүйе әр ай үшін төлемді бөлек оқиды. Жарналарды төлеу кезінде қателіктер жіберілмегеніне көз жеткізу керек. Әйтпесе, төлем жүйеге кірмейді және сізге мәртебе берілмейді. Енгізілген ЖСН, төлем кезеңінің және төлем енгізілетін жылдың дұрыстығын қайта тексеріңіз. Егер бір айда қате жіберілсе немесе екі рет төленсе, қате төленген төлемді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтініш жазу арқылы қайтаруға болады. МӘМС жарналарын екінші деңгейдегі кез келген банк, банктердің мобильді қосымшалары, жылдам төлем терминалдары және «Қазпошта» филиалдары арқылы төлеуге болады. Егер медициналық көмек көрсету сапасына қатысты сұрақтарыңыз болса, сіз оларды өз емханаңыздағы пациенттерді қолдау қызметіне қоя аласыз. Жағдайды сол жерде шешу мүмкін болмаса, fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Telegram-дағы SaqtandyryBot және Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арасынан өзіңізге ыңғайлысы арқылы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгінуге болады. Дәл осындай құралдар сақтандырылу мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеріп, жүргізілген төлемдер туралы egov.kz электрондық үкіметінің сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-те аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі арқылы біле аласыз.

Дайындаған А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»

Проблемы развития внутреннего туризма

ТУРИЗМ ПРИЗНАН ОДНОЙ ИЗ КЛЮЧЕВЫХ ОТРАСЛЕЙ ДЛЯ ЭКОНОМИЧЕСКОГО РОСТА, ДИВЕРСИФИКАЦИИ И СОЗДАНИЯ НОВЫХ РАБОЧИХ МЕСТ, ОСОБЕННО В РЕГИОНАХ. ОДНАКО, НЕСМОТРЯ НА БОГАТЫЙ ПРИРОДНЫЙ, КУЛЬТУРНО-ИСТОРИЧЕСКИЙ И ГЕОГРАФИЧЕСКИЙ ПОТЕНЦИАЛ, РАЗВИТИЕ ТУРИСТИЧЕСКОЙ СФЕРЫ В КАЗАХСТАНЕ ОСТАЕТСЯ НЕДОСТАТОЧНО ДИНАМИЧНЫМ.

2026 жылы салық декларациясын тапсыру ережелері жаңарады

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық есептілігін тапсыру тәртібіне бірқатар маңызды өзгерістер енгізіледі. Жаңа тәртіпке сәйкес, егер салық төлеуші белгіленген мерзімде декларацияны тапсырмаса, ақпараттық жүйе салық сомасы нөлге тең екенін көрсететін есепті автоматты түрде қалыптастырады.

«Қағаз жүзіндегі бизнес»: 1,9 млн кәсіпкер қайдан шықты?

Соңғы жылдары Қазақстанда тіркелген кәсіпкерлер саны күрт артты. Ресми дерекке сүйенсек, елде 1,9 миллионнан астам бизнес субъектісі бар. Алайда бұл өсім нақты экономикалық серпілістің көрінісі ме, әлде салықтық режимдер мен әкімшілік тетіктердің салдары ма?

LRT қашан жүре бастайды? Әкім нақты мерзімін айтты

Астанада LRT тест режимінде жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек ОКҚ-дегі брифингте айтты.

1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдер өседі

2026 жылы еңбекке жарамсыздық және асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер көбейеді.