12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жаңақорғанда пробация есебіндегі сотталғандар дойбы ойынынан сынға түсті

Жаңақорғанда пробация қызметінің есебіндегі азаматтар арасында шахматтан жарыс өтті. Жарыстың мақсаты — пробация есебіндегі сотталғандардың салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру. Шараны Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметіне басшылық жасау тобынының бас маманы әділет майоры Ғ.Құлманов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Жігер» мүгедектер қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген шараға пробация есебіндегі 21 сотталған қатысты. Екі сағатқа созылған жарыста ойыншылар шаршы тақта үстінде тез ойлауға, тез шешім қабылдап, алма-кезек жүріс жасап, жақсы ойын көрсетіп бақты.

Ой сарабына салмақ салатын ойында қарсыластарына дес бермеген Ж.есімді сотталған мықтылығын көрсетіп жарыс жеңімпазы атанды.

Ұйымдастырушылар тарапынан жеңімпаздарға дипломмен естелік сыйлықтар табысталды.

«Бүгінгі жарыстың жеңімпазы атандым. Бала күнімнен дойбы ойынын ойнап өстім. Ойынының ережелерін ағам үйреткен болатын. Бұл ойын адам ойының ұшқыр болуына тәрбиелейді. Сондықтан менде балаларымды осы спорт түріне баулып, үйретіп жүрмін»,- деді есептегі сотталған.

Жарыс соңында ойынға қатысушыларға «Жігер» мүгедектер қоғамдық қорының төрағасы, заңгер Мұрат Джумадилаев құқықтық кеңес беріп, сауалдарына жауап беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

№20 мекемеде сотталғандарды жұмыспен қамту және өндірістік әлеуетті дамыту мәселелері талқыланды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №20 мекемеде...

В учреждении №20 обсудили вопросы занятости осуждённых и развития производственного потенциала

В учреждении №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...

Турнир по теннису ко Дню независимости объединил осуждённых в учреждении максимальной безопасности

В области Абай в учреждении максимальной безопасности состоялся турнир...

В учреждениисредней безопасности ДУИС по области Абай отметили День Независимости Республики Казахстан

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...