12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жаңа үміттер бастауы

Наурыз – жаңа өмірдің қайнары. Нау­рыз – жаңа үміттердің бастауы. Бұл мерекені халықтың асыға күтетіні де сондықтан. Ұлыстың ұлы күні саналатын ұлық мейрамды ерекше бағалайтын, сән-салтанатпен атап өтетін тек біздің халық емес. Наурыз мейрамы әлемдегі барлық мұсылман халқына ортақ. Олардың әрқайсысы тіршілік түрленіп, Жер-Ана бусанып жататын осы бір кезеңді жаңа өмірдің басталуы деп түсініп, оны барынша есте қаларлықтай, нақышына келтіріп атап өтеді.

Біздің елімізде де әз-Наурыз өз деңгейінде атап өтіледі. Бұрынғымен салыстырғанда Наурызды мерекелеудің мән-маңызы айтарлықтай өзгерген. Бұл мереке кезінде қазір қазақтың салт-дәстүрін жаңғыртуға, ұлттық құндылықтарын дәріптеуге, халықтың тарихи мұраларын түгендеуге басымдық беріледі. Мұндай игілікті істен барлық сала шет қалмаған. Соның ішінде қазақстандық сот та бар.
Ақтөбе облысында әз-Наурыздың тарихын дәріптеп, ұлтымыздың бет-бейнесін даралайтын ерекшеліктерімізді таныстыруға көп көңіл бөлініп келеді. Соған орай тек Наурыз қарсаңында елімізге сыйлы, көргені көп қарияларды басқосуларға шақырып, тарихтан, салт-дәстүрден сарқыт алу әдемі үрдіске айналып келеді. Бір қуанарлығы, елдің шежіресін бес саусағындай білетін, тарихымызды тапжылмай отырып айтудан шаршамайтын абыз ақсақалдар арамызда аз емес. Міне сондай қазына қарттарымызды көзі тірісінде бағалап, елдің өткеніне қатысты білгендерін маржандай теріп, жазып алу парызымыз. Ақсақалдарды тыңдаған, олардың көсіле айтқан әңгімелеріне қанып өскен ұрпақтың да ұлтын сүйетін, отаншыл азамат болары күмәнсіз. Бүгінгідей ұл-қызымызды интернеттегі өзге елдердің фильм, мультфильмдері тәрбиелеп жатқан уақытта көнекөз қариялардың білгенін жазып алып, көпшілікке жеткізу кезек күттірмейді.
Бұрын Наурыз дегенде орталық алаңға жиналған қарақұрым халық елестейтін. Ондағы айтылатын ән, ойналатын ұлттық ойындар да баршамызға белгілі еді. Наурыз көжеден дәм татқан жұртта есеп болмайтын. Наурыз мерекесі дәстүрлерге бай. Әрбір мерекелік дастарқанға міндетті түрде ұлттық тағамдар, әсіресе, дәстүрлі наурыз көже қойылады. Қазақтар үшін наурыз көже – молшылықтың бастауы. Наурыз мерекесін тойлау барысында наурыз көжедегі құрамның саны ерекше мәнге ие, себебі, жеті – қазақтар үшін қасиетті сан, наурыз көже жеті тостағанға құйылып, дана ақсақалдардың алдына қойылады. Дәстүр бойынша әр адам өз үйінде қонақжайлылығын танытады. Ал қазір мерекені бірлік пен ынтымақты нығайтудың тетігі ретінде пайдалану белең алуда. Бұл жақсы үрдіс. Өйткені, бір жылдан бір жылға аман жеткеніне бар адамның шүкір етері түсінікті. Наурыз қарсаңында азаматтардың осы ізгі тілегін жақсы іске, қайырымдылыққа бұрудың маңызы зор. Соның арқасында қазір Наурызда барымен бөлісіп, айналасына қайырымдылық жасайтын, көмек күткендерді қолтығынан демеуге тырысатындардың көбейгені қуантады. Яғни, Наурыз – жақсы істердің, қайырымдылықтың көзіне айналып отыр.
Наурызды кешірім, бауырмалдық айы деп айтуы да тегін емес. Себебі, бабаларымыз осы айда бұрынғы өкпе-ренішін ұмытып, жақындарымен табысуға, кешірім жасап кеңдік пейілін көрсетуге тырысқан. Бұл жаңа жылды жақсылықпен, ренішсіз бастауға жасалған қадам болса керек.
Наурыз мейрамының ұлттық киім үлгілерін жаңғыртқанын айта кеткеніміз жөн. Қазір ұлттық нақышты пайдаланып түрлі сәнді киімдер тігетін отандастарымыз көп. Олар ұсынған сән үлгілері кімнің болсын көңілінен шығары анық. Заманауи талаптарды ескере отырып тігілген ұлттық киімдерді енді тек мереке, той күндері емес, күнделікті өмірде де киіп жүруге болады. Соның ішінде судьялардың мантиясына да ұлттық болмысымызды айшықтау мақсатында қазақтың оюы пайдаланылғанын айта кеткеніміз жөн. Мұндай ынта-ниет болған жерде қазақтың салты, дәстүрі, ұлттық болмысы мәңгі жасай бермек.
Осындай жақсы істерге жаршы болып келе жатқан әз-Наурыз құтты болсын! Бірлігі мықты еліміздің іші даудан, сырты жаудан аман болғай.

Д.Хамиев,
Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

Сот актісін түсіндіру сенімді нығайтады

Сот саласын дамытуда азаматтардың қосар үлесі қомақты. Міне сондықтан...

Ашықтық сыбайлас жемқорлықтың алдын алады

Сыбайлас жемқорлық – өркениетті ел болуға қадам басқан кез...

Судья көмекшісі институтын енгізу – бүгінгі күн талабы

Сот саласы жаңа реформалардан, жаңа жобалар мен бастамалардан кенде...

Заң мен тәртіп басты орында

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру – біздің еліміздің...

Жаңа сот сатысы – кассация

2025 жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде жаңа сот сатысы...