Жаңа жылдан бастап таксистер мен курьерлер үшін не өзгереді

Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетов өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған жеңілдетілген салық режимінің маңыздылығын атап өтіп, жаңа тәртіп табыстан небәрі 4 пайыз ғана төлеуді көздейтінін және бұл механизм жүз мыңдаған азаматқа ыңғайлы шарттар жасайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған арнайы режим шамамен 60-ға жуық салада еңбек ететін азаматтарға қатысты. Олардың қатарында такси жүргізушілері, курьерлер және басқа да түрлі саладағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар бар. Ең бастысы – бұл қызмет түрлерін бастау үшін жеке кәсіпкер (ЖК/ИП) ретінде тіркелудің қажеті жоқ.

Депутаттың сөзінше, қазір екі жол қарастырылған.

Біріншісі – мемлекеттік мобильдік қосымша арқылы тіркелу. Азаматтар қосымшаға тіркелгеннен кейін түсетін табысының 4 пайызын ғана төлейді. Мысалы, айына 100 мың теңге тапса – 4 пайыз, 1 миллион теңге тапса да – 4 пайыз. Қосымшада барлық төлем автоматты түрде тіркеледі, ешқандай қосымша форма толтырудың қажеті жоқ.

Екіншісі – ірі платформалар арқылы жұмыс істеу. Мысалы, Яндекс, Naimi.kz, Kaspi сияқты сервистерде арнайы тіркелу мүмкіндігі бар. Сол платформалар арқылы табыс тауып, одан 4 пайыз көлемінде төлем жасап отыруға болады.

Алайда бұл режимнің белгілі бір шектеулері бар. Айына түсетін табыс 1 миллион теңгеден аспауы тиіс. Депутаттың айтуынша, ауыл-аймақта да, қалаларда да мұндай жұмыспен айналысатын азаматтар көп болғандықтан, жеңілдетілген режим – аса қажетті тетік. Бірақ бір қиындық – осы режиммен жұмыс істеп жүріп, басқа бизнес ашуға рұқсат жоқ. Егер азамат басқа кәсіппен айналыса бастаса, екі режимді қатар қолдана алмайды, — дейді Қошмамбетов.

Айтуар Қошмамбетов бұл мәселені бұрын да көтергенін атап өтті. Оның пікірінше, пәтерін жалға беретіндер немесе басқа қызмет көрсететін өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды керісінше ынталандыру қажет.

Адам неғұрлым көп жұмыс істеп, көбірек табыс тапса, соғұрлым жақсы. Ал мемлекет тарапынан бұл жерде біраз шектеу бар, – деді депутат.

Оның айтуынша, 4 пайыздық мөлшерлеме – өте ыңғайлы әрі жеңіл салық. Бұған дейін кейбір азаматтар бұдан да аз төлегенімен, ол кезде реттелмеген платформалар мен түсініксіз тетіктер қиындық туғызған. Қазір барлық механизм жүйеленіп, төлем жасау тәртібі айқындалған.

Бұл 4 пайызды көп немесе аз деп дауға салудың қажеті жоқ. Қарапайым азамат жалақысынан шамамен 40 пайызға дейін ұстайды. Онымен салыстырғанда 4 пайыз – он есе аз. Сондықтан бұл өте жеңіл режим деп ойлаймын, – деді Мәжіліс депутаты.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде жаңа Салық кодексі күшіне енеді.

Алматы облысының әкімі тағайындалды 

Алматы облысының жаңа әкімі болып Шыңғыс Сайранұлы Әрінов тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Укрепление многовекторного партнерства 

ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ЗАСЕДАНИИ СОВЕТА ГЛАВ ГОСУДАРСТВ – ЧЛЕНОВ ШАНХАЙСКОЙ ОРГАНИЗАЦИИ СОТРУДНИЧЕСТВА, СОСТОЯВШЕМСЯ В КЫРГЫЗСТАНЕ. В СВОЕМ ВЫСТУПЛЕНИИ КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ОТМЕТИЛ ВАЖНОСТЬ ДАЛЬНЕЙШЕГО УКРЕПЛЕНИЯ ВЗАИМОДЕЙСТВИЯ СТРАН ШОС В УСЛОВИЯХ МЕНЯЮЩЕЙСЯ МИРОВОЙ ОБСТАНОВКИ.

Велотректен 2026 жылғы Азия ойындарында ел намысын кімдер қорғайды? 

ХХ Азия ойындары аясында велотрек бәсекелері 29 қыркүйекте басталады.

Елімізде пойыз билеттерін сату тәртібі өзгеруі мүмкін 

Қазір Қазақстанда әйелдерге арналған арнайы вагондар бар.

Арман Қырықбаев ҚР Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды 

Арман Қырықбаев ҚР Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.