Жаңа Конституция заң үстемдігін орнатады

Еліміздің жаңа Конституциясының жобасы бүкілхалықтық референдумда халықтың қолдауымен қабылданды. Бас құжаттың  артықшылықтары көп. Солардың бастысы онда адам құқықтарына басымдық берілген. Яғни, адамның құқықтары мен бостандықтары, заңды мүдделері Конституцияның маңызды тірегіне айналған.

Бас құжаттың Преамбуласында мемлекеттің унитарлық сипаты, аумақтық тұтастығы мен шекарасы, сондай-ақ, ел тәуелсіздігін одан әрі нығайту бағыттары нақтыланған. Ата Заңда халықтың тек мемлекеттік биліктің қайнар көзі ғана емес, егемендіктің жалғыз иесі екені айқындалуы мемлекеттің барлық институты мен органдарының халық атынан әрекет ететінін құқықтық тұрғыда бекітеді.

Конституцияда азаматтардың цифрлық ортада қорғалу құқықтарына, сондай-ақ, білім, ғылым, мәдениет пен инновацияның дамуына айрықша көңіл бөлінуі ел  болашағы минералдық ресурстар,  табиғи байлықпен емес, адам капиталы, азаматтардың жетістіктерімен байланысты екенінің жарқын көрінісі.

Сонымен қатар, Бас құжатта өмір сүру құқығы абсолютті әрі ажырамас құқық ретінде бекітіліп, жеке бас бостандығы, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау кепілдіктері күшейтілген. Жеке өмірге қол сұқпаушылық, соның ішінде банк құпиясы мен цифрлық коммуникациялар деректерін қорғауға қаытсты өзгерістер Конституциядан заман талабына сай орын алып отыр.

Неке ерікті және тең құқықты ер мен әйелдің одағы екенін білдіретін норманың енгізілуі дәстүрлі құндылықтарды қорғауды күшейтіп қана қоймайды, сонымен бірге қыз-келіншектердің, аналардың құқықтарын жоғары деңгейде қамтамасыз етеді.

Ұлттық мәдениетті қолдау мен тарихи-мәдени мұраны сақтаудың конституциялық деңгейде бекітілуі көп көңілінен шыққан өзгеріс болды.

«Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасының, «Заң мен тәртіп» қағидатының негізгі құндылықтар қатарынан орын алуы азаматтар құқықтары мен бостандықтарының әділ қоғалуына, заң талаптарына құрметпен қарауға ықпал етіп, қоғамдық тәртіптің сақталуына жауапкершілікті арттырады.

Конституциядағы тағы бір басты жаңалық екі палаталы Парламент бір палаталы Құрылтайға айналды. Құрылтайдың өкілеттіктері мен заң шығару бастамасы, т.б. рәсімдері арнайы бөліммен нақтыланған. Ал Халық кеңесі органы халық мүддесін білдіретіндіктен ең жоғары консультативтік орган ретінде конституциялық мәртебеге ие болды.

Аталған институт азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы диалогты жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Конституциялық Соттың, тәуелсіздігі Конституция деңгейінде бекітілді. Сотқа халықаралық ұйымдар шешімдерінің Конституцияға сәйкестігін тексеру құзыреті берілді. Ал адвокатура институтының Ата Заңмен белгіленуі сот төрелігіне деген қолжетімділікті арттырып, құқықтық қорғау жүйесін барынша нығайтары хақ.

Қорыта айтқанда Республикамыздың жаңа Конституциясы әділеттілік пен заң үстемдігіне кепілдік етеді.

Айнұр Бақытжанқызы,

Бостандық аудандық соты

Әкімшісінің басшысы

Алматы қаласы

Қарыздан құтылудың тиімді тетігі

Әрбір заң азаматтардың құқығы мен бостандығын әділ қорғау, халыққа...

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ…

Жақында Алматыда 8848 театры құрылып,  жаңа театр өнер әлеміне...

Қазақ тіліне деген құрмет әрқашанда маңызды болуы тиіс

Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және елдің...

ОТ ФОРМАЛЬНОГО УЧАСТИЯ – К РЕАЛЬНОМУ ВЛИЯНИЮ

Общественный контроль в Казахстане в условиях конституционных преобразований последних...

ОН ИСКРЕННЕ СЛУЖИЛ ПРАВУ

16 марта 2026 года ушел из жизни наш уважаемый...