12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ БОЙЫНША РЕФЕРЕНДУМ – ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ

12 ақпан 2026 жыл. Бүгін Орал қаласында «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен «Жаңартылған Конституция – тұрақты дамудың негізі» тақырыбында сарапшылар форумы өтті.

Іс-шараның мақсаты – жаңартылған Конституция ережелерін жан-жақты сараптамалық талқылау, оны іс жүзінде жүзеге асыру бойынша кәсіби ұсыныстар әзірлеу және 15 наурызда өтетін жаңа Конституция бойынша референдумды қолдау мақсатында сарапшылар қауымдастығының ортақ ұстанымын қалыптастыру.

Жалпы форум алдағы референдумды қолдауға, Конституциядағы негізгі өзгерістер төңірегіне сарапшылар мен жұртшылықты топтастыруға және конституциялық реформа үдерісіне деген сенімді нығайтуға бағытталды.

Форум жаңартылған Конституцияны талқылау үшін мемлекеттік органдардың өкілдерін, саяси партиялар мүшелерін, сарапшылар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерін бір алаңға жинады. Қатысушылар оның елдің тұрақты дамуы үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтіп, алдағы референдумды бірауыздан қолдайтындарын білдірді.

«Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Ғалымжан Құсманғали өз сөзінде алдағы референдум қоғамның билік институттарына деген сенімін күшейтуге және азаматтарды негізгі реформалар төңірегіне топтастыруға берілетін маңызды мүмкіндік екенін айтты. Оның пікірінше, бұл үдеріс халыққа ел болашағын айқындауға тікелей қатысуға жол ашады.

«Референдум өткізу – халық пікірін бекітудегі шешуші кезең. Біз оның өтуін толық қолдаймыз және әрбір азамат өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік алуы тиіс деп сенеміз», – деді Ғалымжан Құсманғали.

Талқылауға сондай-ақ «Қоғамдық келісім» РММ жетекші сарапшысы Ержан Ибраев, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің тарих және құқық кафедрасының меңгерушісі, профессор Жасқайрат Ерназаров, «Жастар қанаты» бірлестігінің жетекшісі Нұрбек Нұрсейтов, Саяси кеңес мүшесі Марина Богомолова, кәсіпкер әрі Ресей Жазушылар одағының мүшесі Болат Шакимов, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің «Әлеуметтік ғылымдар» білім беру бағдарламаларының аға оқытушысы, ҚХА кафедрасының меңгерушісі Тұрар Шайхиев, сондай-ақ кәсіпкер, «Ауыл» партиясының мүшесі Максим Пак қатысты.

Баяндамалардан кейін қарастырылып отырған тақырып бойынша кәсіби пікір алмасуға бағытталған сараптамалық талқылау сессиясы өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ортақ тұжырымға келді: жаңа Конституция – қауіпсіз, әділетті және тұрақты дамитын мемлекеттің берік іргетасын қалауға мүмкіндік беретін стратегиялық таңдау.

Сарапшылар форумы мазмұнды ұсыныстар әзірлеуге, кәсіби диалог орнатуға және ел болашағына қатысты маңызды шешімдерді қабылдауда азаматтардың тікелей қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған алдағы референдумға қоғамдық қолдауды күшейтетін маңызды алаңға айналды.

Соғыспен сыналған ерлік: Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері оқушыларды Ауған соғысының ардагерімен кездестірді

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты әйелдер колониясының қызметкерлері...

Подвиг, проверенный войной: встречу школьников с ветераном Афганистана организовали сотрудники женской колонии области Абай

Сотрудники женской колонии уголовно-исполнительной системы по области Абай организовали...

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫЛАРЫ  ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

2026 жылғы 12 ақпанда республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінде Қазақстан...

В Правительстве рассмотрели эпидситуацию по кори и охваты профилактическими прививками

Под председательством заместителя Премьер-министра – министра культуры и информации...