Жаңа Конституция қазақстандықтардың өміріне қалай әсер етеді – Астанада «Референдум–2026» онлайн-марафоны өтуде

Шара жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық алаң ретінде ұйымдастырылған. Алты сағатқа жоспарланған марафон барысында Конституция жобасының негізгі бағыттары жан-жақты талқыланады.

«Ток-шоу»  және «Сараптау: бұрын және қазір» алаңында 100-ге жуық спикер «Жаңа Конституция: өзгерістердің мәні», «Жаңа Конституцияның Преамбуласы», «Егемендік пен Тәуелсіздік — бәрінен қымбат», «Человек в центре государственной политики», «Заң және тәртіптің үстемдігі мемлекет қызметінің негізгі қағидаты», «Тарихи-мәдени мұраны сақтау, төл мәдениетті қолдау», «Семья и брак», «Құрылтай ықпалы: құзыреті мен міндеті», «Қазақстан Халық кеңесі», «Ұлттық заңнама мен халықаралық шарттардың арақатынасы», «Волонтерская деятельность», «Экологиялық мәдениет пен жауапкершілік» тақырыптары бойынша пікір алмасып,  конституциялық өзгерістердің әр азаматтың өміріне әсері туралы айтады. Сонымен қоса, Конституция жобасына бей-жай қарамаған отандастарымыздың жолдаған ұсыныстарының Конституция баптарында қалай көрініс тапқаны туралы айтылып, халықтың тілегі ескерілген құжаттың жаңа жобасы таныстырылады.

Спикерлер қатарында ҚР Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов, ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаттары Айдос Сарым, Ермұрат Бапи, Мұрат Әбенов, Асхат Аймағамбетов, Мемлекеттік басқару академиясы Басқару институтының директоры Құралай Садықова, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева және өзге де қоғам өкілдері бар.

Іс-шара республикалық телеарналар мен интернет-порталдардың YouTube және Facebook платформалары арқылы тікелей эфирде көрсетілуде.

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...