Жаңа  іріктеу: мемлекеттік қызметке қолжетімділік пен әділеттіліктің жаңа дәуірі

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесін жетілдіру және оны барынша ашық әрі әділетті ету Қазақстандағы мемлекеттік басқару саласының басты бағыттарының бірі болып отыр. Осы мақсатта іске қосылған eqyzmet.gov.kz порталы арқылы жүргізілетін мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа форматы Қарағанды облысындағы барлық мемлекеттік органдарда сәтті енгізілді.

Жаңа форматтың басты ерекшелігі – үміткерлерге әлемнің кез келген нүктесінен онлайн қатысуға мүмкіндік беруі. Бұрынғыдай қағаз құжаттарды тапсыру қажеттілігі жойылып, барлық рәсім электронды түрде жүзеге асырылады. Бұл өз кезегінде бюрократиялық кедергілерді азайтып, азаматтар үшін тең мүмкіндік қалыптастыруға жол ашады.

Іріктеудің жаңа жүйесі үміткерлердің тек заңнаманы білу деңгейін ғана емес, сонымен қатар олардың кәсіби құзыреттері мен жеке қабілеттерін кешенді түрде бағалауға бағытталған. Атап айтқанда, қатысушылардың жеке қасиеттері, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілеті (SHL), сондай-ақ, практикалық дағдылары ескеріледі. Басшылық лауазымдарға үміткерлер үшін қосымша эссе жазу кезеңі қарастырылған, ал атқарушылық және төменгі лауазымдарға кандидаттар практикалық тапсырмалар арқылы бағаланады.

Жеке қасиеттерді бағалау кезеңі 150 сұрақтан тұрады. Бұл кезеңнен өту үшін жауаптардың  дұрыс деңгейі кемінде 50 пайыз болуы тиіс. Ал мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтау мақсатында екі блоктан тұратын тест ұсынылады. Әр блокта 25 сұрақтан, жалпы 50 тапсырма беріледі. Өту шегі – осы 50 сұрақтың кемінде 10-на дұрыс жауап беру қажет.

Практикалық бағалау кезеңінде үміткерлерге үш тапсырма ұсынылады. Бұл кезеңнен өту үшін кемінде 3 балл жинау қажет. Мұндай тапсырмалар қатысушылардың нақты жұмыс жағдайында шешім қабылдау қабілетін анықтауға мүмкіндік береді.

Жүйенің басты артықшылықтарының бірі – адами факторды барынша азайту. Осы мақсатта ID-нөмірлер жүйесі және тәуелсіз прокторинг енгізілген.

Сонымен қатар конкурс барысында ең төмен балл жинаған үміткерлер автоматты түрде кезең-кезеңімен іріктеуден шығарылады. Ал ең жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар ғана келесі кезеңге өтеді.

Конкурс қорытындысында жеңімпаз барлық кезеңдердің нәтижелері негізінде жүйе арқылы анықталады.

Осылайша, онлайн форматқа көшу және цифрлық технологияларды енгізу мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесін барынша ашық, әділетті  өткізуге мүмкіндік береді.

МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаменті

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...

ПРЕСТУПЛЕНИЕ: ОТ СООБЩЕНИЙ К ПОХОРОНАМ

ДОЛГОЕ ВРЕМЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВЕ ОТСУТСТВОВАЛО САМО ПОНЯТИЕ СТАЛКИНГА КАК САМОСТОЯТЕЛЬНОГО ПРОТИВОПРАВНОГО ДЕЯНИЯ. НЕСМОТРЯ НА ТО, ЧТО ЖЕРТВЫ НЕРЕДКО СООБЩАЛИ О НАВЯЗЧИВЫХ ЗВОНКАХ, ПОСТОЯННОЙ СЛЕЖКЕ, УГРОЗАХ И ПРЕСЛЕДОВАНИИ, ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫЕ ОРГАНЫ БЫЛИ...