ЖАҢА ӨЗГЕРІС ӨЗIМIЗДЕН БАСТАЛАДЫ

Бүгінде жаңа редакциядағы Конституция әзірленіп, ондағы жаңа ережелер қоғам тарапынан қызу талқыланып жатыр. Еліміздің бас құжаты болғандықтан Конституциядағы кез келген өзгеріске халықтың бей-жай қарамағаны дұрыс. Әрі бұл тәуелсіз мемлекетімізде азаматтық қоғам белсенділігінің артқанын, елдің ертеңіне салғырт қарамайтындар қатарының көбейгенін көрсетеді.

Мұндай белсенділікті жастар арасынан да байқауға болады. Жоғары оқу орындары ішінде көш басында тұрған əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде де Конституцияның жаңа жобасына байланысты сауатты пікірін білдіріп, өзіндік ойұсыныстарын қосып жатқан шəкірттерімізді көргенде білікті шəкірт, талапты заңгерлерді дайындап жатқанымызға көзіміз жете түседі. Ата Заңды дайындап, заманауи қажеттіліктерге сай жетілдіргендердің ба сында да Қазақстандағы мықты заңгерлердің тұрғаны анық. Бұл да жастарды білімге, жаңа өзгеріс терге ұмтылдыратын ерекше тетік. Себебі, алдыңғы буын – жас заңгерлерге нақты үлгі-өнеге. Жаңа құжатты əзірлеуге таңдаулы мамандардың тартылғаны күмəн туғызбайды. Конституциялық Соттың төрағасы Эльвира Əзімова жетекшілік ететін Конституциялық комиссияның 130 мүшесі əр салада өзін мойындатып, ел алдында жүрген мамандар. Осы тұрғыдан алғанда межелі уақытта əзірленген Конституция жобасы үлкен ізденістің жемісі.

Негізгі заң жобасын қазір халық пен сарапшылар өзара диалогта жан-жақты талқылауда. Мұндай ауқымды жиындар біздің университетіміздің əр факультетінде тұрақты ұйымдастырылып жатыр. Басқосуларға Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, сот, құқық қорғау құрылымдарының жетекшілері мен елге танымал заңгерлер шақырылып, Конституция жобасына байланысты пікірін білдіріп, студенттердің сауалдарына тиянақты жауап беруде. Бұл шаралар университет ғалымдары, оқытушылары, студенттері еліміздің басты заңы жайында танымы мен құқықтық білімін кеңейтуге ықпалын тигізері талассыз. Енді осындай үлкен сүзгіден өткен құжатқа Қазақстан халқы өз ұстанымын білдіретін күн де алыс емес. Президент жарлығымен референдум 2026 жылы 15 наурызға белгіленіп отыр. Жаңа Конституция жобасының ең басты өзегі – азаматтардың игілігі, елдің тұрақты дамуына негізделуінде. Мұны құжаттағы жаңа преамбуладан да аңғаруға болады. Онда адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің ең жоғары басымдығы ретінде айқын белгіленіп отыр. Сондай-ақ Конституция халықтың игілігіне, елді тиімді басқаруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мен қорғауға, əлеуметтік игіліктерді арттыруға бағытталған. Конституция – халықты біріктіріп, ұлттық рухты көтеруге қабілетті тарихи құжат. Онда ең алдымен адами құндылыққа басымдықтың беріліп, мемлекеттің басты байлығы жер қойнауындағы ресурстар емес, білімді жас ұрпақ екенінің айқындалуы жас ұрпаққа да сенім сыйлайтыны талассыз. Бұл – алдағы уақытта Президент қолға алатын ауқымды өзгерістердің алтын арқауы болады деп сенеміз. Себебі, жастарға деген қамқорлық, қолдау ең жоғары конституциялық деңгейде бекітілуде. Осыны түсінген жастар жалпыұлттық референдумның тарихи маңызын сезініп, өз дауысын қосуға асығары даусыз.

Гүлдана ҚУАНАЛИЕВА,
əл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Заң факультетінің кафедра
меңгерушісі, профессор

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...