Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың жеке тұлғалық дамуға деген ұмтылысын арттыру және өмірінде оң өзгерістер қалыптастыру.
Тренинг барысында қатысушылар белсенділік танытып, ішкі өзгерістерге дайын екендерін көрсетті. Сонымен қатар, Наурыз мерекесіне орай «Жаңару» атты психологиялық ойын ұйымдастырылып, бұл қатысушыларға жаңа үміт, жаңаша көзқарас пен өмірлік бағыт берді.
Сотталғандар тренинг пен ойынға қызығушылықпен қатысып, жаңа білім алуға және оң өзгерістерге ұмтылыс білдірді.
Психолог-инспектор Оразбаева Асемгүл мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтіп, олардың қатысушылардың жаңа өмірге деген мотивациясын қалыптастыруда және әлеуметтік бейімделуінде үлкен рөл атқаратынын айтты.


