Жаңа Қазақстанның стратегиялық бағдары: білім мен инновацияға басымдық

8 қыркүйек 2025 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялап, ел дамуының басты бағыттарын айқындады. Жолдауда цифрландыру, жасанды интеллект, ядролық энергетика, инфрақұрылым және инвестициялық саясат елдің келешек дамуының тірек бағыттары ретінде аталды.

Президент атап өткендей, цифрлық даму мен жасанды интеллект министрлігінің құрылуы – еліміздің жаңа технологиялық дәуірге аяқ басуының белгісі. Бұл қадам мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып қана қоймай, экономиканың барлық саласына инновациялық серпін бермек.

Сонымен қатар, инвестициялық саясатты қайта қарау, өңдеу өнеркәсібі мен жоғары технологияларға басымдық беру – елдің тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз етудің маңызды факторы. Жаңа көлік дәліздері мен магистральдардың салынуы Қазақстанды өңірлік логистикалық хабқа айналдыруға жол ашады.

Энергетика саласында мемлекет басшысы ядролық кластер құру туралы бастама көтеріп, елдің энергетикалық қауіпсіздігіне баса назар аударды.

 Білім беру саласындағы үлес

Жолдауда көтерілген міндеттерді жүзеге асыру үшін ең әуелі сапалы білім мен кәсіби кадрлар даярлау қажет. Бұл тұрғыда білім беру мекемелеріне, әсіресе жоғары оқу орындарына зор жауапкершілік жүктеледі.

Болашақта біз:

Жасанды интеллект, цифрлық технологиялар мен лингвистика тоғысында жаңа мамандықтар ашуымыз керек.Осы орайда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде

шетелдік тәжірибені енгізе отырып, қазақстандық жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасалғандығын атап өткен жөн.

Ағылшын, француз және басқа шет тілдері арқылы халықаралық академиялық әріптестікті кеңейту де маңызды.

Мен өз тарапымнан, ұлттық университеттердің дамуына үлес қосып,  шет тілдерін оқытуда жаңа әдістемелер енгізуді, сондай-ақ студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартуды басты мақсат етер едім. Бұл – Жолдауда көрсетілген цифрлық және инновациялық бағыттарды жүзеге асыратын мамандар даярлауға қосқан үлесім  болмақ.

Президент Жолдауы – еліміздің жаңа даму кезеңінің нақты бағдары. Оның табысты жүзеге асуы білімді де креативті жастардың қолында. Сондықтан әрқайсымыз өз саламызда жаңашылдыққа ұмтылып, елдің дамуына үлес қосуымыз қажет.

Айтжанова Г.Д.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушысы.

Сот приставының негізгі құқықтары мен міндеттері

Сот жүйесінің тиімді әрі кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін...

Судья әдебі – кәсіби жауапкершіліктің маңызды бөлігі.

Судья – заң үстемдігін қамтамасыз ететін, азаматтардың құқықтары мен...

Апостильдің халықаралық құқықтағы маңызы

Жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы, некеге...

Кассациялық сатыдағы іс жүргізудің ерекшеліктері

Кассациялық саты – сот төрелігі жүйесіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз...

Конституция – әділетті қоғамның негізі

Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесінің өзегі және...