12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жүзге жуық жастар спорттық шараға қатысты

Мақтарал ауданында NEET санатындағы жастар және пробациялық есептегілер мен өзге этнос жастары мен пробация есебінде тұрған сотталған азаматтар арасында волейболдан турнир өтті.

Осындай ерекшелігімен көпшіліктің қызығушылығын өзіне аударып келе жатқан кезекті ойын Мақтаарал аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен аудандық пробация қызмет бөлімінің ұйымдастыруымен «Спорт нашақорлыққа қарсы» ұранымен волейболдан турнир болып өтті.

Иіржар ауылдық округі Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің №11 Қажымұқан атындағы жалпы орта мектебінде өткен шараның ашылу салтанатына Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова, Мақтаарал ауданының сот төрағасы Мұсаев Құнанбай, Мақтаарал ауданының прокуроры Досаев Айтболат,  аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Сүндет Кенжебаев, «Қоғамдық келісім» КММ Мақтаарал аудандық филиалының басшысы Асан Ботабеков пен Мақтаарал аудандық пробация қызмет бөлім бастығы әділет майоры Нартай Сабаев қатысып. Спорттық шараға қатысқан 29 жасқа дейінгі 100-ге  жуық жастар арасында құралған комананын тартысты сайысының куәсі болды.

Спорт – денсаулық кепілі. Дені сау адам ғана қоғамның мызғымас, толыққанды мүшесі бола алады.Сондықтан да болар, адам денсаулығын нығайтып, салауатты өмір салтын дамытуға мемлекет ерекше назар аударып, арнайы бағдарламаларды бекіткен. Бекітілген бағдарламалардың бір бағыты аудандар мен елді мекендерде бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында түрлі спорттық іс-шаралар өткізумен ұштасады.

«Бүгінгі ұйымдастырып шарамыздың негізгі мақсаты – жаза басып, қылмысқа қол ұрғандарды қоғамға қайта бейімдеу, зиянды әдеттерден, әсіресе, нашақорлықтан бойларын аулақ ұстауға дағдыландыру, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруына ықпал жасау болып табылады».

Кезінде тағдыр тәлкегімен аяғын шалыс басып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған жандардың арасында жарыстың көркін қыздырып, тартысты ойын өрнегін көрсеткендер де болды.

Оларды тұрақты және ақылы қоғамдық жұмыстарға орналастыру, қайта даярлау курстарынан өткізіп, қысқа мерзімді оқуға жіберу, қоғамдық мәдени, спорттық шараларға тарту ісі де дұрыс жолға қойылған.

— Бүгінде ауданда бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түрімен сотталғандардың жалпы саны 99 азамат болса,  28 азаматты ақылы қоғамдық жұмысқа орналастырған болсақ, ол жұмыс биыл да жалғасын тауып келеді. ♦Одан бөлек, әр тоқсан сайын есептегі азаматтармен қателіктерін қайталауларының алдын алу мақсатында түрлі спорттық, психологиялық іс-шаралар өткізіп, қоғамға бейімдеу мақсатында тиісті жұмыстарды атқарып келеміз, — дейді пробация қызметі бөлім бастығы Нартай Сабаев.

Өзара тартысты да әрі қызықты өткен турнирге 6 команда қатысты. Қатысушылар өздерінің жеңіске деген ұмтылыстары мен дайындықтарының жоғары екенін дәлелдеп, әдемі ойын өрнегін көрсетті. Жарыс соңында жеңімпаз атанған командалар мен спортшы жастарға ұйымдастырушылардың алғыс хаттарымен марапатталып, сый-сияпаттарына ие болды.

Раушан НАРБЕК

Түркістан облысы

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...