12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемді қалай алуға болады

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты 43 мың адамға әлеуметтік төлем төленді. Биыл 36,1 мың азаматқа төлем алғаш рет тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем қызметкер жоғалтқан табыстың 40%-на дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 

Жұмыстан босатылған қызметкерге төлем тағайындау үшін:

  • eGov.kz порталында тіркелу;
  • «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;
  • онлайн қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және ЭЦҚ-мен қол қою арқылы өтінімді жіберу қажет;
  • бір күн ішінде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – ХЖҚО) бос жұмыс орындарын ұсынады;
  • егер жұмыс табылмаса, 3 күн ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда қосымша ақпарат жинау үшін өтініш берушімен ХЖҚО қызметкері хабарласады).

Бұл қызметті онлайн режимде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.

Азамат жұмыссыз ретінде тіркелген соң Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-нан төлем тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісім беру үшін ұялы телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан босатылу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адам жұмыс іздеп жүрген кезеңде оны қолдауға арналған. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 

Порядок начинается с каждого 

В КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ ЗА ПОСЛЕДНИЕ ТРИ ГОДА БЛАГОДАРЯ СОЦИАЛЬНЫМ...

Стратегический прорыв в АПК

Реализация крупных инфраструктурных проектов в агропромышленном секторе Туркестанской области...

Высокий порог ответственности

ПРЕДСТАВЬТЕ СЕБЕ СИТУАЦИЮ: ВО ВРЕМЯ ДВИЖЕНИЯ АВТОБУСА К ВОДИТЕЛЮ,...

В центре реформы – человек

КОМИССИЯ ПО КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЕ ПРЕДСТАВИЛА ПРОЕКТ НОВОЙ КОНСТИТУЦИИ, НАПРАВЛЕННЫЙ НА УКРЕПЛЕНИЕ ПРАВ И СВОБОД ГРАЖДАН И ПЕРЕРАСПРЕДЕЛЕНИЕ ПОЛНОМОЧИЙ МЕЖДУ ВЕТВЯМИ ВЛАСТИ.