12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жұмыссыздық мәселесі басты назарда

Түркістанда пробация есебінде тұрған азаматтардан психологиялық сауалнама алынды. Аталған сауалнама барысында жастар арасында қылмыстың орын алуына жұмыссыздық мәселесі белең алып отырғанын алға тартқан.

Түркістан қаласы Жастар ресурстық орталығының психолог мамандары бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған 14-28 жас аралығындағы жастармен кездесу өткізді.

– Іс-шараның мақсаты – сотталған азаматтарды жұмыспен қамту және психологиялық көмек көрсету. Жалпы Түркістан қалалық пробацияда 190 адам есепте тұр. Арнайы ведосмтвоаралық топпен, облыстық «Жастар ресурстық орталығымен» бірлесе жоспар жасалып, пробациялық есепке алынған азаматтармен жұмыс жүргізіліп жатыр. Оларды қайта қылмысқа бармауына ықпал етіп, жұмыспен қамтылып, қоғамда өз орнын табуына көмек көрсету маңызды мәселе. Жұмысшы топ пробация есебіндегі жастармен жүйелі жұмысты жалғастыруда. Бұл бастаманың қала көлеміндегі нәтижесі оң деуге болады. Қазіргі таңда қаладағы 14-28 жас аралығындағы жастармен кездесу ұйымдартырылып, сауалнама жүргізілуде. Жинақталған сауалнама қорытындысы бойынша жастардың басым бөлігі жұмыссыздық мәселесіне алға тартты. Оларды дұрыс бағыттау, қабілетін шыңдай отырып, өмірден өз орнын табуына көмектесу-алдағы міндеттің бірі, – дейді қалалық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны Мадина Жақсылықова.

Семинар барысында есепте тұрған сотталғандар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды. Қоғамда өздерінің орындарын табуда дұрыс жолды таңдамаған сотталған азаматтар, өз тарапынан кеткен қателігін түсінді.

Сотталғандармен психологиялық жұмыс: қорқыныштың алдын алу сессиясы

Абай облысындағы №21 мекемеде сотталған азаматтармен психологиялық қолдау жұмыстары...

Облыс прокуратурасының қызметкерлері жаза өтеудегі тұлғалармен кездесу өткізді

«Заң мен тәртіп» қағидаты және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-жылдық...

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мәдени іс-шара өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне...