Жұлдыз Әбдікәрімова ыдыс жуып жүрген Қызылорда аруын телеарнаға жұмысқа орналастырмақ

Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова Қызылорда аруы Гүлнұр Нұртазаға көмек қолын созды. Актриса алдағы Гүлнұр Нұртазамен тікелей эфирге шығады, деп жазады stan.kz.

«Қыздың орны бөлек. Біз әрқашан қыздарын құрметтейтін халықтың ұрпағымыз. Гүлнұр Нұртаза туралы жаңалықтар бірнеше күннен бері тарап жатыр. 15 жасында ол әкесінен айрылды, бірнеше ай бұрын оның анасы коронавирустың құрбаны болды. Адал еңбекпен өмір сүрген қыз көпшіліктің таңданысын тудырды. Гүлнұр теледидарда немесе модель саласында жұмыс істегісі келеді. Сондықтан мен осында жұмыс жасайтын беделді адамдарға өтініш айтамын.

1 ақпанда ол менімен байланысып, ресейлік шоуға қатысуға кеңес сұрады. Сол кезден бастап таныса бастадық. Көп ұзамай мен Гүлнұрмен тікелей эфирге шығамын. Өз елінің намысын құрметтейтін қыз үшін қазақстандық телевизияда жақсы жұмыс болады деп сенемін», — деп атап өтті Жұлдыз Әбдікәрімова.

Бұған дейін Гұлнұр Нұртаза ыдыс жуып, нәпақа тауып жүргенін айтты. Танымалдығы артқан соң ресейлік шоудан шақырту алған. Алайда Қызылорда аруы шақыртудан бас тартқан. Бұл әрекетін көпшілік қолдап жатты. Әсіресе, Қуат Найман мақтауын асырып, тіпті Гүлнұрмен кездесуге дайын екенін жеткізді.

«Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауының ұйымдастырушылары қиын өмірлік жағдайға тап болған жоба финалисі Гүлнұр Нұртазаға көмек қолын ұсынды.

«Аударма әлемі» — өзекті зерттеу

Филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, аудармашы, Қазақстан журналистер одағы...

Заявление главного исполнительного директора Kazakh Tourism Development Е. Еркинбаева

В социальных сетях распространяется видеозапись с вырубленными деревьями, которая...

Заң – баршаға ортақ: құқықтық мәдениет – қоғам тұрақтылығының негізі

Құқықтық мемлекет құру тек заңдарды қабылдаумен шектелмейді. Оның басты...

Мемлекеттік қызметтегі әдеп – кәсіби мәдениеттің негізі

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін...