12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жүйені жетілдіру сапаны көтеруге жол ашады

Әрбір ұлт үшін тәуелсіздіктен артық құндылық жоқ. Тәуелсіздік біздің бағымыз. Егемен ел болудың арқасында Қазақстан өз алдына дербес мемлекет атанды. Әр сала дамудың даңғыл жолына түсті. Тәуелсіздік түлеткен құрылымның бірі – сот.
Кеңес одағы ыдырап, Қазақстан өз егемендігіне ие болған өліара шақта кез келген салада іркілістің, дағдарыстың болғаны белгілі. Сол бір сындарлы кезеңнің қиындықтарын сот жүйесінде еңбек еткен ардагер-судьялардан, сот қызметкерлерінен артық ешкім айтып бере алмас. Тәуелсіз сот жүйесінің қалыптасу кезінде қызмет еткен әріптес­теріміздің барлығы тозығы жеткен сот ғимараттарында, өз қаржысына қағаз-қаламын алып қызмет етудің қаншалықты қиын болғанын үнемі естелік етіп айтады. Алайда, өз мамандығына шексіз берілген әріптестеріміз қиындыққа мойымады, кемшілікке түсіністікпен қарады. Солардың жанкешті еңбегінің нәтижесінде сот жүйесі дамыды, жанданды, жаңғырды. Олар осы қызметімен отандық сотты ғана ілгерілетіп қоймай, жас мемлекеттің де аяғынан нық тұрып, кемелденуіне үлесін қосты.
Армансыз алға басу, жоспарсыз жүйелі жұмыс жүргізу әсте мүмкін емес. Бүгінгідей биікке жетуіміз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында белгілеген межеміздің дұрыстығын, бағдарымыздың адастырмағанын көрсетеді. Отыз жылдық тарихында талай табысқа қолжеткізген сот саласының игі істерін мемлекет тарапынан жасалған қолдаудан бөліп қарай алмаймыз. Жалпы, сот жүйесінің даму жолдары мемлекеттің даму жолымен сабақтас. Өйткені, озық елдер сапына ілескен Қазақстанның соты да сол халықаралық талаптардың биігінен табылуы тиіс болатын.
Еліміз егемендік алған сәттен бастап сот жүйесі қоғамдық заңдылықтарға негізделген іздену, қалыптасу, даму жолдарынан өтті. Осы жылдар ішінде биліктің дербес тармағы саналатын сот жүйесі қоғамдық қатынастардың орнығуына, мемлекеттің сая­си беделінің артуына, заңдылықтың бағалануына қомақты үлес қосты. Салаға тәжі­ри­белі, терең білімді, заң­дылық пен әділдік қағидаттарын ерек­ше бағалайтын, халқына адал, антына берік азаматтар іріктелді. Сот корпусын білікті судьялармен қамтамасыз ету мақсатында үміткерлерге қойылатын талап күшейді. Тәуелсіздік алған кезең мен қазіргі кезеңде судьялықтан үміткер жандарға қойылатын талап жер мен көктей. Бұл төрелік етер жандарға қойылатын талаптың жыл өткен сайын өскенін, қатайтылғанын көрсетеді.
Отыз жылдың ішінде қазақстан­дық сот көптеген заңдарды қабыл­дап, құқықтық құжаттарды жаңғыр­туға бастамашы болды. Өйткені, заңның пәрменділігі, маңыздылығы теориялық негізінің сауатты құры­луына емес, тәжірибеде өзін-өзі ақтағанына қарап бағаланады. Ал құжаттардың қоғамға қажеттілігін, олқылықтың жоқтығын тәжірибе барысында анықтау тек соттың құзырындағы шаруа. Бұл міндетін де сот жылдар бойы мінсіз атқарып келеді. Сот-құқықтық реформаның бас­ты бағыттарының бірі – қол­даныстағы заң­наманы ізгілендіру екені белгілі. Бұл бағытта да қоғамның сұранысы ескеріле отырып, іргелі істер жасалды.
Сот саласының кешегісі, бүгіні, ертеңі туралы айтқанда сот алаңында пайда болған алқа билер соты, мамандандырылған соттар, соттардың санкция беру құзыретінің кеңеюі, медиация институты туралы айтпай кету мүмкін емес. Мұндай жаңашылдықтар қазақстандық сотты халықаралық талаптарға жақындатты, халықтың сот арқылы құқығын қорғау тетігін кеңейтті, істердің жедел, сапалы, оңтайлы қаралуына жол ашты.
Мемлекеттің болашағын жарқын етер осындай бастамаларды темір­қазық ете отырып, сот жүйесін жетіл­діруді жалғастыра беру баршамызға парыз. Еліміздің басты байлығы саналатын халықтың мүддесіне қызмет ету, азаматтар сенімінен шығатын сот жүйесін құру жолындағы ізденістер әлі де жалғаса береді.

Эльмира Алдабергенова,
Талдықорған қалалық әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы

Талап болса, тіл тұғыры биіктейді

Қазақ тілі – қазақтың жаны, халықтың ең қадірлісі. Тілді...

Эксаумақтық соттылық және оның процестік ерекшелігі

Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен...

Қазақ тілінің бүгінгі тағдырына біз жауаптымыз

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан...

Қазақстан Конституциясы – Тәуелсіздігіміздің тұғыры

1991 жылы Қазақстан өз егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет ретінде...

Сот шығындарының мән жайлары

Сот шығындары азаматтық істер бойынша мемлекеттік баж салығынан және...