12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жүйені цифрландырудың жаңа кезеңі басталды

Сот реформасындағы нәтижелі әрі табысты жобалардың бірі де бірегейі – смарт сот немесе «IT сот төрелігі» де Президенттің бақылауында. Бұл жоба пандемияның кезінде жұмысты бұрынғы үрдіспен үздіксіз жүргізуге септігін тигізді.

Технология соттың ашық­тығы мен жариялылығын қамтамасыз етуді біршама жеңілдетеді. Сондықтан оны енгізу қоғамның соттарға деген сенімін нығайту үшін керек. Сонымен қатар соттар мен сот рәсімдері қазіргі заман талабына сай болуға және азаматтарымыздың, бизнес пен инвесторлардың құқығын қор­ғауға тиіс.
Сот жүйесіндегі барлық реформаның негізі адам игілігіне бағытталған. Сот рәсімдері бәріне түсінікті болуға тиіс. Сот онлайн өтсе де, тікелей қатысу арқылы өтсе де, әр тараптың көкейінде түсініксіз сұрақ қалмау керек. Бұл жерде де жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану маңызды рөл атқарады.
Әуелден-ақ, сот залдары жа­ңа заманға сай, сапалы дыбыс-­бейнежазба жүргізуге арналған техникалармен жабдықталған. Сотқа жүгінуші тараптар өздерінің талап арыздары мен өтініш-шағымдарын Жоғарғы Соттың интернет ресурсындағы «Сот кабинеті» сервисі арқылы тапсыруда. Одан басқа барлық іс қағаздары мен барлық құжат айналымы электронды жүйе арқылы жүргізіліп келеді. Қазіргі уақытта соттар қалыпты режимде жұмыс жасауға көшті. Жасыл статусқа ие әрбір азамат сот залдарына жіберіледі. Сондай-ақ, әр сот залына дыбыс-­бейнежазба камерасы орнатылған. Тараптар іске Watsapp, Skype, Zoom бағдарламалары арқылы да қосыла алады.
Соттағы ІТ қызметтерінің мүмкіндігін кеңейтуді екі кезеңге бөлетін болсақ, осы аталған жетістіктердің барлығы бірінші кезеңнің жемісі болар еді. Бүгінде сот жүйесі өз жұмысына жасанды интеллект элементтерін енгізе отырып, цифрландыруды дамытуда серпіліс жасап жатыр. Бұл екінші кезеңнің бастамасы. Тіпті, қазіргі уақытта Жоғарғы Сотта роботтық сот төрелігінің келешегін талқылауға баса назар аударылып отыр.
Сот актілерінің сапасын арттыру, IT технологиялардың көмегімен бірыңғай сот практикасын жедел қалыптастыру және құпиялылық талаптарын сақтай отырып, бәсекелестік ортаны дамыту үшін соттағы IT сервистеріне барлық мүдделі тұлғалардың қолжетімділігін қамтамасыз ету – цифрландыру жүйесінің алдағы межесі осы. Мысалы, жасанды интеллект элементтерін пайдаланып енгізілетін сот актілерін талдайтын «Сот практикасының цифрлық талдауы» пилоттық бағдарламасы сот шешімінің мәнін түсінуге, оларды бір-бірімен салыстыруға, ауытқуларды анықтауға, яғни, даудың белгілі бір түрі бо­йынша қолданыстағы практиканы зерделеуге мүмкіндік береді. Болашақта сот актілерін, яғни, автоматты түрде бірнеше секунд ішінде даусыз істер бойынша шешім жобасын дайындайтын роботтандыру бағдарламасы іске қосылуы мүмкін. Мұндай жағдайда шешімді бекіту және қол қою жауапкершілігі судьяда қалады. Конституциялық талаптар бұзылмайды.
Жүйе судьяның бір санкция­лық материалды қарауын 60 минуттан 5 минутқа дейін қыс­қартады, сәйкестігін тексереді, тір­кейді және санкциялар бо­йынша жүктемені бөледі. Судьялардың күрделі істерді зерт­теуге уақыты көбірек болады.Сол сияқ­ты алимент өндіріп алу туралы сот қаулылары, даусыз істер мен материалдар үшін роботты қолдану мүмкіндіктерін кеңейту көзделуде. Бұл жаңашылдық­тың негізі құқық үстемдігін ны­ғайтуға, сот төрелігі жүйесінің ашықтығы мен айқындығына жәрдемдесуге бағытталған.
Елімізде сапалы сот төрелігін жүргізуге техникалық та, материалдық та жағдай толық жасалған. Дегенмен, бұл азаматтардың даумен сотқа жүгінулерін арттыруға сеп болмау керек. Керісінше, жылдам әрі сапалы қызмет дау­ласушылардың мәселесін дер ке­зінде шешуге бағытталған.

Серік Наурызбаев
Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық сотының төрағасы

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...

Сыбайлас жемқорлықтан ешбір ел сақтандырылмаған

Сыбайлас жемқорлық – әлем халықтарына ортақ кесел. Бұл індет...

Сот жүйесінің жаңашылдықтары

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет»...

«Сот төрелігінің маңызды бағытының бірі – бітімгершілік»

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында сот жүктемесін азайту,...