Жәбірленушілердің өтемақы қоры

Еліміздің Ата Заңы мен халықаралық құқық нормаларында адам, оның құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық екені белгілі. Осыған орай, жәбірленушілерге қылмыспен келтірілген залалды өтеу бойынша олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау назардан тыс қалмауы тиіс. Осы орайда, 2018 жылғы 10 қаңтарда Мемлекет басшысы қол қойған «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» заңы қабылданды.

Жәбірленушілерге өтемақы қоры — Қазақстан Республикасының «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» заңнамасында көзделген тәртіппен ақша түсімдерін есепке жатқызу және жәбірленушілерге өтемақы төлемін жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты.

Бұл заңның негізгі мақсаты — жәбірленушілерді қорғаудың құқықтық тетігін қалыптастыру, жәбірленушілерге немесе олардың өкілдеріне біржолғы белгіленген ақшалай соманы төлеу түрінде материалдық көмек көрсету болып табылады.

Адам жәбірленуші деп танылғаннан кейін ол қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органға өзіне өтемақы тағайындау туралы өтініш жасауға құқылы. Өтемақы — Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес жәбірленуші деп танылған адамға осы заңда белгіленген тәртіппен берілетін біржолғы ақша төлемі.

Қайтыс болған адамның барлық отбасы мүшелеріне бір өтемақы төлемі тағайындалады. Бір отбасының мүшесі болып табылатын қайтыс болған әрбір адамға жеке өтемақы төлемі тағайындалады.

Жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап, қорға сот кінәлі тұлғалардан өндіріп алуды жүзеге асыруды бастады, яғни сот айыптау үкімін шығарған кезде кінәлі адамдардан жәбірленушілерге өтемақы қорына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 98-1 және 98-2-баптарының негізінде мәжбүрлі төлем өндіріп алынады. 

Заңда жәбірленушілерге өтемақы тағайындау мен төлеудің тәртібі және мерзімдері де айқындалған. Бұл ретте қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жәбірленушіге өтемақы алу құқығын түсіндіреді және оның өтінішін тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қарайды. Заңда белгіленген мөлшерде өтемақы тағайындап оларды және алушылардың тізімін жасайды, оны қазынашылыққа береді. Қазынашылық өтемақыны күнтізбелік он күннен кешіктірмей оны алушылардың банктік шотына аударады. Алайда, өтініш берудің ескеру мерзімі адам жәбірленуші деп танылған күннен бастап үш жылды құрайды.

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының  бас маман сот мәжілісінің хатшысы А.Е. Ахибаев

Жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Жемқорлық – кез келген мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамның әл-ауқатына...

Сотты құрметтемеушілік салдары

Сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігі қағидаты негізінде бүгін барлық...

Қарағанды облысында қазақы тазылардың тұқымдық байқауы өтті

2026 жылғы 20 қыркүйекте Қарағанды облысының Кеншоқы ауылында «Қазақы...

Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі

Қазіргі таңда жастар арасындағықылмыс – қоғамды алаңдатып отырғаны сөзсіз,...

СОТ БИЛІГІНІҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ РӨЛІ

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын, адам...