12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Өзгерістер істің уақытылы және  толығымен қаралуын қамтамасыз етеді

Бұл мақаламызда Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (әрі қарай — АПК) жуық арада енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға тоқталуды жөн көріп отырмыз. Сот төрелігі ата-бабамыздан келе жатқан үрдіс, демек, оны заман талабына сай, дамыған цифрлық технология деңгейінде жетілдіру сол арқылы әлемнің озық мемлекеттерінің стандарттарына жеткізу бізге міндет.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтің сот төрелігі жүйесін жаңғырту туралы тапсырмасына орай, ҚР Жоғарғы Соты әзірлеген «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы Парламенттің қарауына енгізілгені баршаға мәлім. Осы заң жобасында аталған Кодекстің 505 бабының 85-іне  өзгерістер енгізілу күтілуде.

Негізгі өзгерістерді атап өтер болсам, ондағы басты басымдықтар сот процестерін жетілдіруге, артық сот шараларын, дауларды бейбіт жолмен шешуді реттеуге және сот саласын цифрландыру, сондай-ақ, істерді қарағанда толыққанды  және әділ шешім шығаруда соттың белсенді роль атқаруына бағытталады.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен жүргізілген «Сотта, соттан тыс татуластыру», «Smart Sot», «Электрондық сот өндірісі» пилоттық жобалардың сәтті шығуы қолданыстағы АПК-те өз орнын табады.

Енгізілетін өзгерістер соттарға өз бастамашылығымен істің мән-жайын анықтауға, тараптардың дәйектерін, ұсынылған дәлелдердің растығына көз жеткізуге, сонымен қатар, дәлелдерді уақытылы және толығымен жинақтауға құқық береді. Бұған қоса АПК-пен белгіленген ережелер сақтала отырып, сотқа электрондық нұсқадағы дәлелдер электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылып беріледі.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен электрондық құжатты дәлел ретінде қолдануға жол берілмейтін жағдайды санамағанда, электрондық құжат дәлел деп есептеледі. Өзгерістер, сондай-ақ, сот процестерін цифрландыруға да қатысты болмақ. Ендігі жерде процеске қатысушылар гаджеттер көмегімен талап арыздарын жіберуге және сот процестеріне қатысуға мүмкіндік алады. Өмірде түрлі жағдай болатынын ескерсек, кейде азаматтар    сот шақыртуына сырқаттанып қалуына, кәрілігіне, мүгедектігіне, шалғай аймақта болуына және басқа да себептерге байланысты келе алмауы мүмкін. Сондай кезде куәгерден техникалық байланыс құралдары арқылы жауап алу заңмен реттеледі.

Татуласу шаралары шеңберінде тараптар мемлекеттік баж салығына қосымша төлем жасамай-ақ, сот ісі талаптарының көлемін ұлғайта алады. Сотқа сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген кәсіпкерлік қызметпен байланысты дауларды санамағанда, басқа тұлғалардың әлеуметтік, қаржылай қиындықтарын ескере отырып, заңды көмек пен сот шығындарын төлеуден босату құзыреті беріледі. Талап қоюшы қосымша процесуалдық әрекеттер жүргізу қажет болмаса, сот шешім шығаруға шығып кеткенге дейін талап арызының негіздемесін өзгерте, яғни, қойылған талаптың мөлшерін жазбаша өтініш беріп ұлғайта немесе азайта алатыны көзделген.

Енгізілген толықтырулар шешімді жария етуді сот актісінің қарар бөлігін сот шешім шығаруға шыққан күннен бастап 5 жұмыс күніне кейін қалдыра алады. Сонымен қатар, шешім қарар бөлігін жария ету мерзіміне дейін соңғы нысанда дайын болуы тиіс. Оңайлатылған  іс жүргізу тәртібімен қаралатын талаптардың шекетулеріне де өзгерістер енгізу қарастырылған,  яғни, жеке тұлғалар үшін процестің оңайлатылған бастапқы сатысында 200 айлық есептік көрсеткіштен (әрі қарай-АЕК) 1000 АЕК-ке, заңды тұлғалар үшін 700 АЕК-тен 2000 АЕК-ке ұлғайту көзделеді. Істі мәні бойынша оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен шешкен кезде сот кіріспе және қарар бөліктерінен тұратын қысқаша шешім шығарады.

Азаматтық процесстік кодекстегі өзгертулердің басты мақсаты істің толығымен және уақытылы қаралуын, сот өндірісін оңайлату және жүктемесін азайту, әділ және ақылға қонымды шешім шығару, іс бойынша ақиқатқа жетуде соттың белсенді роль атқаруын қамтамасыз ету болып табылады.

 

Берік Қожахметов

Алматы облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық соты

төрағасының м.а.

Судьялар съезінің маңызы зор!

Биылғы жыл Қазақстан Республикасы судьялар съезінің ІХ рет өтуімен...

Сенім  – заңды білуден басталады

Бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі –  сабырсыздық, шыдамсыздық, яғни...

Істерді оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарау

Азаматтық істі қараған кезде белгілі жағдайларда талап қою оңайлатылған...

Мемлекеттік сатып алу саласындағы даулар

АПК-нің 27-бабының 1-бөлігіне сәйкес мемлекеттік сатып алудан туындайтын даулар...

Көлікті мас күйде басқарудың жауапкершілігі жоғары

Жол көлік оқиғаларын барынша азайту қазіргі таңда қоғамның алға...