Зеренді төрінде – жас дебатерлерге арналған бірегей Академия

2025 жылдың 9–13 маусым аралығында Ақмола облысы, Зеренді ауылында орналасқан көркем табиғатты Aurora Garden демалыс аймағында мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне арналған «Debat Eli Academy» пікірсайыс академиясы өтеді. Бұл – еліміздің әр түкпірінен жиналатын жас пікірсайысшылар үшін жаз мезгіліндегі маңызды оқиғалардың бірі болмақ.

Аталған іс-шараны «Debat Eli» қоғамдық қоры ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып ұйымдастырып отыр. Академияның басты мақсаты – пікірсайыс арқылы жастардың ойлау қабілетін дамыту, шешендік өнерін шыңдау және патриоттық рухын арттыру.

Екі лига – екі бағыт
Академияға іріктелген 50 қатысушы қазақ және ағылшын тілінде өтетін екі лигаға бөлінеді.

Қазақ лигасында танымал жаттықтырушылар мен пікірсайыс чемпиондары тренингтер жүргізіп, қатысушыларға шешендік өнер мен стратегиялық ойлаудың қыр-сырын үйретеді.

Ағылшын лигасында қатысушыларға шетелден арнайы шақырылған халықаралық деңгейдегі спикерлер сабақ береді. Бұл – ағылшын тіліндегі пікірсайыс шеберлігін дамытумен қатар, әлемдік дебат мәдениетімен танысудың таптырмас мүмкіндігі.

Қатысу шарттары
Академияға қатысу үшін үміткерлер 8–24 сәуір аралығында арнайы тіркеу формасын толтырып, 600 символдан аспайтын мотивациялық хат тапсыруы қажет.
Іріктеу кезеңдері:

25 сәуір – мотивациялық хаттар негізінде іріктелген қатысушылар тізімі жарияланады;

28 сәуір – 2 мамыр – үміткерлер онлайн сұхбаттан өтеді;

5 мамыр – әр лига бойынша 25 үздік қатысушының финалдық тізімі www.debateli.kz сайтында және @rumcdo_official Instagram парақшасында жарияланады.

Барлығы – қатысушылар үшін
Академияға қатысу тегін. Ұйымдастырушылар тарапынан жатын орын мен үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етіледі. Жол шығындары қатысушыларды жіберуші тараптың есебінен қарастырылады.

Достық пен дамуға жол ашатын алаң
«Debat Eli Academy» – бұл жай ғана оқу бағдарламасы емес. Бұл – пікірсайыс мәдениеті арқылы жеке даму, жаңашыл ойлау және жаңа достар табудың ерекше алаңы. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас дебатерлер үшін бұл академия жазғы маусымдағы ұмытылмас тәжірибе мен шабыттың қайнар көзі болмақ.

Встреча со студентами: о важности соблюдения закона и порядка

     В Казахском национальном университете имени аль-Фараби прошла встреча...

Сот ісін жүргізудегі жұмыс орнын цифрландыру

Қазіргі уақытта жаһандық деңгейде мемлекеттік мекемелерде қызметтерді көрсетуді цифрландыру...

Студенттер құқықтық мәдениет мәселелерін талқылады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Заң мен тәртіп» қағидаты...

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды

📌Қазақстанда «2026–2029 жылдарға арналған халық табысын арттыру жөніндегі кешенді...

Сот қызметкері сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуі тиіс

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекет саясатының басым бағыттарының...