«Өзенмұнайгаз» ғимаратының алдында екі адам қарнын жарып тастады

Жаңаөзенде «Өзенмұнайгаздан» жұмыс сұрап барған екі ер адам  қызметке орналаса алмағаннан кейін өздеріне пышақ тығып алған. Бұл туралы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 9 маусым күні сағат 15.00-де бір топ адам компанияға жұмысқа орналасуды талап етіп, «Өзенмұнайгаз» АҚ ғимаратының алдына жиналған.

«Жұмысқа орналаса алмаған екеуі — азамат С.К. және азамат С.Т. (бұрын сотталған) іштің алдыңғы қабырғасы мен білек аймағына пышақпен жарақаттар салып, екеуі де қалалық ауруханаға жатқызылды», — делінген ақпаратта.

Олардың өміріне қауіп жоқ. Ауруханаға жеткізілді. Жарақат алғандардың бірі ауруханаға жатудан бас тартып, ғимараттан шығып кеткен.

Әкімдік ер адамдар бұрын оқудан өтіп, 1 маусымда жеке компанияға 250 мың теңге жалақымен жұмысқа орналасқан.

«Оларға мұнай-газ саласына жұмысқа қабылдау алгоритмге сәйкес, жалпы кезек тәртібімен жүзеге асырылатыны бірнеше рет түсіндірілді. Алгоритмді бұзу, кезексіз жұмысқа орналастыру басқа жұмысқа орналасуға үміткерлерге әділетсіздікке әкеп соғады»- делінген хабарламада.

Алименты – законное право ребенка

Вопрос о взыскании алиментов (алиментных отношений членов семьи (алиментных...

Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылып жатыр

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі ұлттық құрамаларды спорт...

Кассациялық соттың құрылуы

Кассациялық сатыдағы сот шешімдерінің заң тәжірибесі мен сот практикасын...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әділ қоғам кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, азаматтардың мемлекетке...