Зейнеткерлерге құрмет көрсетілді

Өмір жолындағы елеулі сәттердің бірі – зейнетке шығу кезеңі. Себебі адам баласы үшін қандай да бір қызметтің, мансап жолының аяқталар тұсы болады. Ал бір салаға талай жылын арнап, сол бір жұмыстың тасын өрге домалату үшін білімі мен еңбегін аямаған жандарға жылы лебіз айту ерекше құрмет болып саналады деп, Атырау облысы бойынша Қылмыстық — атқару жүйесі департаментінің 79 мекемесінің жеке құрамы ұзақ жылдар бойы осы мекемеде қызмет етіп, зейнетке кеткен әріптестері Жандос Гарифуллаұлы Жұмашевты, Эльмира Букебайқызы Сариеваны және Тоқтар Карлұлы Мұқановты зейнеткерлікке шыққанымен құттықтады! Бұл мерекелік жиынға мекеме жанындағы колледж және мектеп директорлары да қатысты. Бірнеше жыл иық тіресіп бірге қызмет еткен бұрынғы мекеме бастығы Жандос Ғарифоллаұлына жылы лебіздерін білдірді.
Әрқашанда жүздеріңізден күлкі кетпей, аман-есен жүре беріңіздер деп мекеме қызметкерлері зейнеткерлерді естелік суретке түскеннен кейін шығарып салды.

Орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу мәселелері бойынша кездесу өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...

«ЕРКІН СӨЗ – 2026» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

✍️ Түркітілдес журналистер қоры мен Halyk Bank серіктестігінде ұйымдастырылатын...

Выборы в маслихаты – Президент провел консультации с Премьер-Министром и Председателем Курултая

🔹Глава государства провел консультации c Премьер-министром и Председателем Курултая...

Тілге деген құрмет өзімізден басталады

      Әр азамат өз ана тілін құрметтеуге тиісті. Ана...