Зейнетақы жинағындағы жеткілікті шектен асқан қаржыны алу мерзімі ұзартыла ма

Сенат кулуарында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов әлеуметтік желілерде депутат Аманжан Жамаловтың БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинағының жеткілікті шегін қолдану мерзімін жыл соңына дейін ұзарту туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бізге ешқандай ұсыныс түскен жоқ (қазіргі жеткілікті шекті ұзарту туралы – ред.). Министрлік кез келген ұсынысты қарап, өз ұстанымын ортаға салады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов

Бұл ретте ол ведомство азаматтардың зейнетақы жинақтарын, ең алдымен, зейнетке шыққанда лайықты өмір сүруінің кепілі ретінде қарастыратынын, сондықтан бұл қаражат жеткілікті болуы керектігін атап өтті.

Жеткілікті шекке қатысты мәселені әртүрлі қырынан қарауымыз керек. БЖЗҚ – халықтың лайықты зейнетақы үшін жинайтын қаражаты. Қордан барлық ақшаны алып қойса, ертең жасы келгенде зейнетке ең төменгі зейнетақымен шыққаны дұрыс па? Сондықтан Еңбек министрлігі бірінші кезекте болашақ зейнеткерлердің құқығын қорғайтын болады. Біздің ұстанымымыз – адам зейнет жасына жеткенде, оның жалақысына сәйкес зейнетақысы болуы тиіс. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов

Бұған дейін ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов үкіметті зейнетақы жинағындағы ең төменгі жеткілікті шектен асқан қаржыны алу мерзімін 2022 жылдың соңына дейін ұзартуға шақырған болатын. Ол зейнетақы жинағының бір бөлігін алдын-ала алу мемлекет басшысының идеясы екенін еске салып өтті. Сонымен қатар мәжілісмен жеткілікті шектің екі есеге жуық көтерілуін «ақылға қонымсыз» деп, бұл президенттің идеясына нұқсан келтіретінін атап өтті.

«Путь» на большой экран 

В ВОРОНКУ МОШЕННИЧЕСТВА В НАШЕЙ СТРАНЕ ПОПАДАЮТ НЕ ТОЛЬКО...

От точечных мер – к системному подходу

СИСТЕМНЫЕ НАРУШЕНИЯ ПДД, РОСТ АВАРИЙНОСТИ И ФАКТИЧЕСКАЯ УТРАТА ПРЕВЕНТИВНОЙ...

Цифровизация и контроль 

С 2026 года казахстанский бизнес работает по новым правилам....

Запрос на справедливость

ОБСУЖДЕНИЕ АДМИНИСТРАТИВНОЙ АМНИСТИИ В МАЖИЛИСЕ ВЫШЛО ЗА РАМКИ ГУМАНИЗАЦИИ...

Современные образовательные подходы

АКАДЕМИЯ ГРАЖДАНСКОЙ АВИАЦИИ В РАМКАХ РАЗВИТИЯ МЕЖДУНАРОДНОГО СОТРУДНИЧЕСТВА ПОДПИСАЛА...