Зейнетақы жинағын алу: 112 миллиард теңгеге өтінімдер мақұлданды

БЖЗҚ екі күнде мерзімінен бұрын зейнетақы жинақтарын шешіп алғысы келетіндерге 112 миллиард теңгеге өтінімдер мақұлдады. Қор өкілдері кейбір қазақстандықтың өтінімі неге қабылданбағанын да түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, бірінші күні, 25 қаңтарда БЖЗҚ 49 миллиард теңгеге өтінімдер мақұлдаған болатын.

Ал 26 қаңтарда БЖЗҚ-ға «Отбасы банк» уәкілетті операторынан жалпы сомасы шамамен 314,3 миллиард теңгеге 17 092 өтінім келіп түсті. Зейнетақы жинақтарын алуға арналған барлық өтінім қаралғаны хабарланды. 63 миллиард теңгеден астам сомаға 11 798 өтінім мақұлданды.

«БЖЗҚ» АҚ-ға өтінімдер келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей салымшылардың «Отбасы банк» АҚ-дағы арнайы шоттарына 63 миллиард теңгеден аса қаражат аударылады. Аударымның орташа сомасы 5,4 миллион теңге.

БЖЗҚ-да заңнама талаптарына сәйкес келмейтін 5 294 өтінім (31 пайыз) қабылданбады.

25 және 26 қаңтарда БЖЗҚ-ға уәкілетті оператордан келіп түскен жалпы сомасы 112 миллиард теңгеге жуық 20 252 өтінім қабылданғаны хабарланды. Өтінімнің орташа сомасы шамамен 5,6 миллион теңге», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, «Отбасы банктен» БЖЗҚ-ға жіберілген өтінімдердегі негізгі қателік бұрынғыша шешу сомасының дұрыс көрсетілмеуі екені айтылды. Өтінімі қабылданбағандар арасында БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шоты мен зейнетақы жинақтары жоқ адамдар да болды.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...