Зейнетақы жинақтарын инвестициялау: қызмет қашан іске қосылады?

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін келесі аптада басқарушы компанияларға бере алады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Бағалы қағаздар нарығы департаментінің директоры Еділ Медеу мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Зейнетақы активтерін басқаруды жоспарлап отырған жекелеген басқарушы компаниялар БЖЗҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару шарттарын жасасу жұмысын бастап кетті. Ақпанның басынан олар ақпарат алмасуға және зейнетақы жинақтарын беруге байланысты техникалық мәселелерді пысықтап жатыр. Шарт жасасып, БЖЗҚ сайтында басқарушы компаниялардың тізілімі жарияланғаннан кейін салымшы компанияны таңдап, өз жинақтарының бір бөлігін сол жерге аудара алады. Келесі аптада бұл опция салымшыларға қолжетімді болады деп ойлаймыз», — деді Еділ Медеу агенттіктің брифингінде.

Агенттік төрағасының орынбасары Мария Хаджиева қазір Қазақстанда 18 басқарушы компанияның алтауы зейнетақы активтерін басқару құқығын пайдалана алатынын нақтылады.

«Бұл бизнесті жүргізуге арналаған шешім, сондықтан басқарушы компания мен оның акционерлері бұл шешімді өздері қабылдауы керек. Сол себепті алты компанияның бәрі бұл қызмет нарығына шықпауы да мүмкін. Басқарушы компанияларды қосу, олардың бұл қызметті міндетті түрде көрсететінін білдірмейді», — деп түсіндірді Хаджиева.

Зейнетақы жинақтарын компаниялар басқаруына беру үшін оны БЖЗҚ-мен бірге жүргізетін қосымша шарт жасасу қажет.

Бұған дейін агенттік жинақтарды мерзімінен бұрын алу шеңберінде қазақстандықтардың зейнетақы активтерін басқаруға рұқсат бере алатын алты компанияны атады:

  • First Heartland Jysan Invest АҚ;
  • BCC Invest АҚ — «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның еншілес ұйымы;
  • Halyk Global Markets АҚ («Қазақстан Халық банкі» АҚ ЕҰ)»);
  • Halyk Finance «Қазақстан Халық банкі» ЕҰ АҚ;
  • First Heartland Capital АҚ;
  • «Сентрас Секьюритиз» АҚ.

Жас мамандардың жағдайымен танысу жұмысы жүргізілді

Жас маманның тұрғылықты жеріне барып жағдайын тексеру – оның...

22 МЫҢНАН АСТАМ ТАЛАПКЕР АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІН ТАҢДАДЫ

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына биыл 127 мыңға жуық...

Мемлекеттік қызметшінің жеке жауапкершілігі: заңның жаңа талаптары

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа «Қазақстан Республикасының...

Точка отсчета МЭКС: электросети Карагандинской области ждёт масштабное обновление

Электросетевое хозяйство Карагандинской области десятилетиями обеспечивало регион электроэнергией, несмотря...

Құмар ойындар мен мемлекеттік қызмет — бір-бірімен үйлеспейтін ұғымдар

2026 жылғы 1 шілдеден бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі...