Біреудің арманын орындау кез-келгеннің қолынан келмейтін үлкен ерлік! Бүгінде осындай игі істерді жасап, алғыс арқалап жүрген жастар саны жетерлік. Мәселен елімізде адамдарға жақсылық жасаудан жарысып жүрген «Мейірімді асыл адам» қайырымдылық қоры ба
Бұл қайырымдылық қорында еріктілер, халыққа қамқор болып, қолдау көрсетіп жүреді. Сондай-ақ әр жылы қорытынды мерекелік шарасын ұйымдастырып, қайырымдылық жасап, ел аузында қалған «Асыл адамдарды» анықтап, марапаттайды. Күні кеше Түркістан төрінде қордың кезекті шарасы өтіп, Түркістан қалалық Полиция басқармасының полицейі Дінислам Перменов «Үздік ерлік жасаған қайырымды батыр» атағын алып, марапатталды. Осы тұста полицейдің қай әрекеті үшін мадаққа ілінгенін өздеріңізбен бөліссек: Ағымдағы жылдың наурыз айында Түркістан қаласындағы «Жаңа қала» атанып кеткен көпқабатты пәтерлердің тұрғындарынан полицияға хабарлама келіп түседі. Онда жалғыз тұратын егде жастағы әйел үйінде қамалып қалғаны, көмек қажет екені айтылды. Ақпарат түскен бойда оқиға орнына сол аумақтың учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Дінислам Перменов пен әріптесі полиция капитаны Сәден Сырбаев жетеді. Шұғыл әрекет еткен полицейлер, 1 минутта уақытты бос өткізбеді. Бірден көмек қажет 2-қабаттағы қарт әжейдің пәтерінің қылтимасына секіріп мініп, есігін бұзып үйге кіреді. Содан әйелдің жуынатын бөлмеде құлыптанып қалғанын байқап, оны шығарып алады. 3 сағат бойы бөлмеде құлыптанып қалып, көршілерін бар дауысымен көмекке шақырған әйел, аздап мазасызданып тұрды. Полицейлер тұрғынға жедел жәрдем шақырып, алғашқы көмек көрсетті. Осы оқиғадан кейін тұрғындар Дінисламмен әріптесін «біздің батырымыз, қорғанымыз» деп атап кеткен. Бұл оқиға қайырымдылықпен айналысатын ерікті жастардың назарына ілігіп, қордың мерекелік кешінде тәртіп сақшысын марапаттауға шешім шығарған. Осылайша елдің алғысына бөленген полицейдің мәртебесі артты. Полиция аға лейтенаты Дінислам Перменов ішкі істер саласында 2016 жылдан бері қызмет етіп келеді. Былтыр ғана сүйікті аруы Арайлыммен отау құрып, үйленген. Ендеше «Үздік ерлік жасаған қайырымды батырдың» қызметіне сәттілік тілейміз!
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі