12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Өздеріне көмектескен тұрғынның үйіне ұрлыққа түскен Шымкенттік жігіттер анықталды

Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, үйіне белгісіз біреулер келіп, өздерінің көліктерінің бұзылып жолда қалып қойғанын айтып көмек сұраған. Содан ол көшеде тұрған көлікке барып көлікті жөндеуге кіріседі. Жәбірленуші көлікті жөндеп болып үйіне кірген сәтінде үстел үстінде тұрған ұялы телефонының ұрланғанын байқап, бірден полицияға хабарласады. Жәбірленуші ер адамға келтірілген шығын көлемі 100 000 теңгені құрады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды.

Орын алған ұрлық қылмысын ашып, күдіктілерді анықтау мақсатында ауданның тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылып, іздестіру жұмыстарына кірісіп кетті. Көрген-білген жандардан сұрастырып, жәбірленушінің жауабымен, басқа да сұрастыру әрекеттерінің арқасында кінәлілердің жеке басы анықталды. Олар Шымкент қаласының тұрғындары, яғни күдікті 3 азамат болып шықты. Анықталғандай, бұл қылмысты күдіктілер алдын ала сөз байласып жоспарлы түрде жасағандары белгілі болды. Олар жолда қалып қойған жолаушылар секілді тұрғыннан үйіне көмек сұраған, Осы сәтте күдікті 2 азамат жәбірленушіні алдаусыратып тұрғанда, үшінші сезікті жігіт үй ішіне жасырын кіріп, ұялы телефонды жымқырған.

Одан әрі қарай күдіктілер олжалаған ұялы телефоннан жәбірленушінің жинақы қорындағы 1 миллион 200 мың теңгесін заңсыз пайдаланған. Осылайша, оңай жолмен пайда тапқан сезіктілер ақшаның барлығын жеке бас қажеттілігіне жаратып жібергендерін айтты. Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

В области Абай провели проект «Встреча у ворот»

08 октября 2025 году в учреждении №20 ДУИС по...

Жаңа өмірге қадам: Абай облысындағы әйелдер колониясында үш сотталған бостандыққа шықты

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің әйелдер колониясында екі...

Діни әдебиеттер сыйға тартылды

Ағымдағы жылдың “Рамазан айының” алғашқы күні - игі істермен...

Қақпа алдында ағасы қарсы алды: Семейде туыстар он жылдық үзілістен кейін қайта қауышты

Абай облысы бойынша ҚАЖД-нің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталған...

Брат встретил у ворот: в Семее родственники восстановили связь спустя десять лет разлуки

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай состоялось...