Запастағы офицерлерді әскери даярлау ережелері өзгереді

Запастағы офицерлер мен сержанттардың бағдарламалары бойынша әскери дайындық ережелеріне өзгерістер енгізілмек, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтіні «Электрондық үкімет» порталында жарияланды.

«Түзетулер бюрократизацияны болдырмауға және азаматтар мен әскери оқу орындары әскери қызметшілерінің еңбек шығындарын азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ, оқуға түсу, ауыстыру және қалпына келтіру процестерін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына Egov арқылы тиісті өтінім бере отырып, цифрлық форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді», — деп жазылған ведомство хабарламасында.

Бұйрық жобасымен 20 желтоқсанға дейін «Ашық НҚА» бөлімінде танысуға болады.

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылу салтанаты...

2027 жылы қажылыққа Қазақстаннан қанша адам бара алады?

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын...

Азия ойындарында аяқ киім үшін алтын жүлдеден қағылған спортшыға пәтер берілді

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Ясмина Тоқсанбаеваға...

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының...