Заңгерлік кеңес: Ар-намысты қорғаудың тиімді әдістері

Соңғы уақытта ар-намысты, абыройды және іскерлік беделді қорғау үшін сот ісін жүргізу өзекті бола бастады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 9-бабында: «Адамның және азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмайды» делінген. Қазақстандық заңгер Жәния Бодау абырой-беделді тиімді қорғау үшін қандай әрекеттер жасау керектігі туралы айтты:

«Ар-намыс деген не екенін ойлап көрдіңіз бе? Ар-намыс – құрметке лайық адамгершілік қасиеттер мен қағидалардың жиынтығы. Бұл – әдептілік, ізеттілік, адалдық, инабаттылық және, әрине, кір келтірмеген бедел», – дейді Жәния Бодау.

Тәжірибелі заңгер ретінде Жәния Бодау үнемі жала жабу істерімен бетпе-бет келеді.

«Жауапкершілік барлық қажетті шарттар орындалған жағдайда ғана туындайды. Мысалы: ақпарат қандай да бір жолмен таратылды, азаматтың немесе ұйымның беделін түсіреді, көп жағдайда таралған ақпарат шындыққа мүлдем сәйкес келмей жатады», — деп түсіндіреді Жәния Бодау.

Оның айтуынша, ақпараттың ар-намыс пен абыройға нұқсан келтіретінін анықтауға болатын екі белгі бар. Біріншісі – ақпараттың негативті  формасы, екіншісі – тексеру мүмкіндігі, мәлімдеменің негізділігін растау.

Адвокат сонымен қатар ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау қажеттілігіне тап болғандар үшін кеңестермен бөлісті:

— Ақпараттың авторын анықтаңыз. Ең алдымен жалған ақпаратты кім таратқанын анықтау керек.

— Тарату фактісін жазып алыңыз. Бұл қадам дәлелдемелік база үшін маңызды. Нотариуспен тіркеген дұрыс.

— Адвокат жалдаңыз. Құқықтарыңызды кәсіби қорғауды қамтамасыз ету үшін ісіңізге тәжірибелі заңгерді тарту қажет.

— Психологиялық және филологиялық зерттеулер жүргізу. Бұл зерттеуді таратылатын ақпараттың сипаты мен ықтимал әсерін анықтау үшін лицензиясы бар сарапшы жүргізуі керек.

— Сотқа дейінгі талап арызды беру. Шағымда жауапкерден жалған мәліметтерді таратқандай теріске шығару, сондай-ақ моральдық зиянды өтеуді талап ету қажет.

Жауапкер талап арызды өз еркімен қанағаттандырудан бас тартса, адвокат сот арқылы әділдікке жету үшін сот талқылауына дайындалуды ұсынады.

Осылайша, ар-намыс пен қадiр-қасиетке нұқсан келтiретiн мәлiметтердi жоққа шығару және моральдық шығын мен нақты шығынды өндiру туралы талаппен жауапкер тұрған жер бойынша азаматтық сотқа жүгіну қажет.

Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 73-3-бабына сәйкес жала жапқандығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған полиция бөліміне және Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 408-бабына сәйкес жеке айыптау арызымен қорлау орны бойынша қылмыстық сотқа жүгіну қажет. Әдепсіздік пен ар-намысты қорлау  Қылмыстық кодекстің 131-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады.

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...

Участие органов опеки и попечительства в защите прав несовершеннолетних

Защита прав и законных интересов детей является одной из...