Заңды өкілінің іс әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты сот іс өндірісін тоқтатты





Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (әрі қарай – ӘҚБтК) 127-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін бойынша азамат Р.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Хаттамаға сәйкес, азамат Р.-нің кәмелетке толмаған ұлы Қ. бөгде адамның «Нива» автокөлігін рұқсатсыз айдап кеткен. Алайда, Қ.-ның жасы 16-ға толмағандықтан, оның заңды өкілі азамат Р.-ға қатысты ӘҚБтК-сі 127-бабының 2-бөлігімен кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Істі қарау барысында аталған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға Р.-ның ұлы Қ. «Нива» көлігін айдап кеткені, қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатқаны, алайда кәмелетке толмаған Қ. іс-әрекетінде қылмыстың не әкімшілік құқықбұзушылық жасағанына баға берілмегені, тиісті процессуалдық шешімдер қабылданбағаны анықталып, хаттама ӘҚБтК-сі 127-бабының 3-бөлігімен толтырылу қажеттігі туралы қорытындыға келген.

Алайда сол баптың 3-бөлігінің санкциясымен көзделген осы баптың 2 бөлігіне қарағанда ауырлау болғандықтан сот Р.-нің іс-әрекетін өз бетінше саралай алмайды.

Сот қаулысымен Р.-ға қатысты ЭҚБтК-сі 127-бабының 2-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық бойынша қозғалған әкімшілік іс өндірісі, өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адам іс әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Өз тілшіміз.

Қарыздан құтылудың тиімді тетігі

Әрбір заң азаматтардың құқығы мен бостандығын әділ қорғау, халыққа...

Жаңа Конституция заң үстемдігін орнатады

Еліміздің жаңа Конституциясының жобасы бүкілхалықтық референдумда халықтың қолдауымен қабылданды....

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ…

Жақында Алматыда 8848 театры құрылып,  жаңа театр өнер әлеміне...

Қазақ тіліне деген құрмет әрқашанда маңызды болуы тиіс

Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және елдің...

ОТ ФОРМАЛЬНОГО УЧАСТИЯ – К РЕАЛЬНОМУ ВЛИЯНИЮ

Общественный контроль в Казахстане в условиях конституционных преобразований последних...