12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Заң және тәртіп: Астанада жастарға кәсіби-құқықтық кеңес берілді»

Елордада «Тәртіпті өзіңнен баста!» тақырыбында кеңес беру іс-шарасы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Жарқынбек Амантайұлы, Республикалық әкелер одағы Астана қаласы филиалы төрағасының орынбасары Марат Көшкінбаев, экономика саласындағы халықаралық сарапшы Ерғали Мұқанұлы, ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының бас ғылыми қызметкері, философия докторы Арыстан Сатанов, «Тұран-Астана» университетінің ректоры Жапарова Гульжамал, «Ұлттық құндылықтар академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әділхан Дүйсебек, сондай-ақ студенттер қатысты.

«Басты мақсат – билік пен қоғамның белсенді азаматтарын біріктіру, жастар арасындағы мәселелер бойынша ой бөлісу. Жақында өткен осындай бір кездесуде студенттер онлайн-несие, алаяқтық, нашақорлық тақырыптарын көтерді. Кейін біз бұларды жан-жақты зерттеп, шешу жолдарын қарастырамыз. Бүгінгі іс-шара тақырыбы «Тәртіпті өзіңнен баста!» деп аталады. Әр адам тәртіпті өзінен бастауы керек», — деді Мұрат Әбенов.

Аталған іс-шараны «Азаматтық сектор мен жергілікті атқарушы органдар арасында сенімді диалогты қалыптастыру» жобасы аясында Астана қаласы әкімдігі мен «Серпін» әлеуметтік даму ұлттық қоры ұйымдастырып отыр.

Диалогтық алаңда заң мен тәртіпті қоғамдық ортада дәріптеу, жастардың құқықтық сауаттылығын, жауапкершілігі мен азаматтық белсенділігін арттыру, зиянды әрекеттер мен зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары талқыланды.

Сондай-ақ отырыс барысында сала мамандары «Жастардың әлеуметтік мәселелері және оларды шешудің құқықтық-нормативтік негіздері» тақырыбында студенттерге кәсіби құқықтық кеңестерін берді.

Тұрақты қалалар мен елді мекендер мақсаты іске асуда

Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) бірі болып табылатын 11-мақсат –...

Су мәселесі – жалпыадамзаттық проблема

Су – тіршілік көзі. Адамзаттың өмірі мен дамуы тікелей...

Денсаулық – өмірдің мәні, ұлт саулығы – басты байлық

    Денсаулық – адам өмірінің ең қымбат байлығы. Ол...

Кедейлік — жалпыадамзаттық мәселе

Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) ең алғашқысы – «Кедейлікті жою»,...

Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарының бұзылуының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша...