12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Заң факультетіне 70 жыл!

Қазақ ұлттық университеті  еліміздің білім беру жүйесінде маңызды орын алатын жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Заң  саласында  білікті маман даярлау жолында әл-Фараби  атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті  таптырмас оқу орны.Болашақ заңгерлерді дайындайтын факультетімізге осы жылы 70 жыл толады.Осы жылдар ішінде факультет- мықты оқытушылар құрамын жасақтап,еліміздің атын шығарып жүрген мамандарды даярлап шығарды. Қазіргі таңда факультетіміз еліміздегі ең үздік заң факультеттерінің бірі болып табылады.

Факультет әлемдік деңгейде танылған профессор-оқытушылар құрамымен, жоғары сапалы білім беру бағдарламаларымен, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстары мен халықаралық ынтымақтастықтың арқасында жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Университетте білім беру ісі реформаға сәйкес,оқытудың кредиттік жүйесі толық күшіне енген, оқу үдерісінің ашықтығы, білім алушылардың академиялық біліктілігі, «бакалавр – магистр – PhD» түрінде үш сатылы мамандар дайындау қамтамасыз етілген.Факультетте сабақ беретін мамандар жыл сайын халықаралық конференцияларға қатысып, білімін арттыруда.Әртүрлі деңгейдегі, күрделі ғылыми-тәжірбиелік мәселелерді шешуге толық мүмкіндігі бар факультеттің – тәжірибелі мамандары мен материалдық базасының арқасында әлеуеті айтарлықтай  арта түсуде.

Оқу орнында  профессор мен ғылым докторлары,  ғылым кандидаттары, доценттер, сонымен қатар ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Жоғары Соты, құқық қорғау органдарында қызмет атқарған  жоғары тәжірибелі мамандар дәріс оқиды. Мамандардың басым көпшілігі түрлі шет тілдерді еркін меңгерген, алыс-жақын шетелдерде тағылымдамадан өткен мықты мамандар.

Заң факультеті жыл сайын мемлекет пен құқықтың өзекті мәселелері жөнінде халықаралық және республикалық конференциялардың, сонымен қатар Қазақстан Республикасы студенттері арасында құқық пәндерінен өткізілетін әртүрлі олимпиадалардың тұрақты ұйымдастырушысы болып келеді. Факультетте ғылыми оқу-әдістемелік әдебиеттің бай қоры жинақталған. Сондай-ақ, мұрағат материалдары жинақталған көне кітапханасы да бар. Заңгер мамандығын таңдап қана қоймай оны бар жан-тәніңмен қызығып ізденіп, жұмыс жасау әр түлектің Отан алдындағы парызы деп  білемін. Себебі,заң саласы адам өмірінің кепілі іспеттес. Шынайы және әділетті шешімдер қабылдауға,тәртіп орнатуға,адам өмірінің қауіпсіздігіне тікелей жауапты шәкірттерімізге қоғам алдында артылар міндетте мол.Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті 70 жылдық тарихында еліміздің құқықтық жүйесін дамытуға және қоғамның құқықтық мәдениетін көтеруге үлкен үлес қосты. Бүгінде факультет жоғары сапалы білім беруді, ғылыми зерттеулерді және құқық қорғау саласындағы инновацияларды дамытуда маңызды рөл атқарып келеді. 70 жылдық мерейтой факультеттің өткен жетістіктерін атап өту және болашақтағы жаңа мақсаттарға жету жолында жаңа белестерге жету үшін маңызды кезең болып табылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының Phd докторы, доцент С.Б. Дүзбаева.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы А.Ж. Жақыш

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының Phd докторы,аға оқытушы М.Е Ақболатова

ҚазҰУ студенттері су мәселесі талқылады

  Қазақстан Республикасының тұрақты даму саласындағы халықаралық міндеттемелеріне сәйкес,...

ҚазҰУ студенттерінің белсенді өмірі

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек жоғары білім...

ҚазҰУ-сапалы білім берудің үлгісі

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) – Қазақстандағы...

ҚазҰУ-еліміздің болашақ көшбасшыларын тәрбиелейтін оқу ордасы

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) – Қазақстанның...

ҚазҰУ студенттері кедейлік мәселесін талқылады

Кедейлік-жалпыұлттық өзекті мәселе        Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң...