12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Заң факультетінде сапалы білім беру – басты мақсатымыз»

      Қазақстанның жетекші университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультеті арқылы елдің құқықтық жүйесіне жауапты, жоғары білікті мамандарды дайындауда алдыңғы қатарда тұр. Заң факультеті-еліміздің құқықтық білім беру жүйесінің маңызды бөліктерінің бірі болып табылады. Бұл факультетте білім алу студенттердің тек теориялық біліммен қамтамасыз етіліп қана қоймай, сондай-ақ практикалық дағдыларды дамытуға да ерекше көңіл бөлінеді.Оқу ордамыздың басты мақсаты – студенттерге сапалы білім беру арқылы оларды кәсіби құқықтанушылар ретінде дайындау. Бұл бағытта оқу бағдарламалары үнемі жаңартылып, әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді.БҰҰ-ның бастауымен алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму мақсаттары» – қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму.Тұрақты даму мақсаттары  концепциясының 4 бөлімі -сапалы  білім екен алға тартқым келеді. Студенттер халықаралық құқық, Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы, қылмыстық құқық, азаматтық құқық және басқа да құқық салалары бойынша терең білім алады.Сапалы білім беру тек оқу бағдарламасымен ғана шектелмейді. Заң факультеті білім алушылардың Заң факультетінде білім алу тек оқу залдарымен шектелмейді. Студенттерге нақты құқықтық жағдайларда шешім қабылдау, заңды құжаттар мен келісімдер жасау дағдылары үйретіледі. Бұл мақсатта факультет түрлі тәжірибелік жұмыс орындарымен, заң кеңселерімен, құқық қорғаушы органдарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Мұндай тәжірибе студенттерге жұмысқа орналасқан кезде бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, факультет білім алушыларына  түрлі практикалық тапсырмалар мен зерттеулер беріліп, оларды құқықтық дағдыларды дамытуға және шешім қабылдауға үйретеді.

   Заң факультетінің маңызды ерекшеліктерінің бірі – оның халықаралық стандарттарға сай білім беру жүйесі. Бұл факультетте халықаралық құқық, халықаралық арбитраж, құқық қорғау жүйелері және басқа да құқықтық салалар бойынша әлемнің жетекші университеттерімен ынтымақтастық орнатылған. Студенттер шетелдік университеттермен байланыс орнатып, халықаралық білім алмасу бағдарламаларына қатыса алады.практикалық білімін арттыру үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырады. Ол үшін арнайы тренингтер өткізіліп, тәжірибелі заңгерлермен кездесулер, құқықтық пікірталастар мен семинарлар жиі өткізіледі. Қара шаңырақ студенттердің кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағытталған түрлі курстар мен шеберлік сыныптарын өткізеді. Заңгер болу — бұл тек теориялық білім ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі кәсіби дағдыларды талап етеді. Факультет студенттеріне құқық қорғаушы, прокурор, судья немесе заңгер ретінде өздерінің қызметтік міндеттерін атқара отырып, қоғамға қызмет етуге қажетті дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.Заң факультетінде сапалы білім беру басты мақсат болып табылады. Факультет студенттерді жоғары деңгейдегі кәсіби мамандар етіп тәрбиелеуде, олардың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын ұштастыруда, сондай-ақ халықаралық құқық саласындағы өзекті мәселелер бойынша білім беру жұмыстарын жетілдіруде үлкен жетістіктерге жеткен. Бұл білім беру процесі олардың болашақта еліміздің құқықтық жүйесіне маңызды үлес қосатын жоғары деңгейдегі мамандар ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді.

Темірболат Нұрайша

Әл-Фараби атындағы 

ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық 

іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы

Все силы на ликвидацию пожара

Вроде и не летнее пекло, а уже начинают полыхать...

Дефицит медицинских кадров

Аким области Абай Берик Уали в ходе рабочей поездки...

Волонтерская акция

В рамках программы «Таза Қазақстан» волонтерской организацией «Jana jastar»,...

Создан оперативный штаб

Из-за ледяного затора на реке Уба повысился уровень воды,...

КЛЮЧ В МИР ЗНАНИЙ

ВОСТРЕБОВАННОСТЬ НА РЫНКЕ ТРУДА ДИКТУЕТ НЕОБХОДИМОСТЬ ПОСТОЯННОГО ОБУЧЕНИЯ И...