Заман сұранысына лайықты заңгерлер даярлануда 

Жалпы қоғамда, оның ішінде білім саласында мұғалімнің имиджі  жоғары мәнге ие. Білім ордасының беделі ондағы ұлағатты ұстаздарға тікелей байланысты болғандықтан, білікті оқытушылар құрамын қалыптастыру жоғары оқу орнының  үшін бірінші кезектегі міндеті саналады. Мұны айтып отырғанымыз, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті заң факультетінің іргетасын тек елімізге ғана емес алыс-жақын шетелдерге  танымал заңгер-ұстаздар қалаған. Олардың көш басында Қазақстан заң ғылымдарының корифейі,  Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанға еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының иегері  Салық Зиманұлы Зиманов тұр. 

Салық Зиманов заң факультетінің тұңғыш деканы. Қазақстандық заң ғылымының қалыптасып, дамуына айрықша еңбек сіңірген ұлы тұлға. Заң факультеті ашылғанға дейін Алматы заң институтының директоры болған. Осы ретте тағы бір ерекше атайтын тұлға Сұлтан Сартайұлы Сартаев. Бұл кісі де заң факультетін басқарған уақытында қазақ жастарының заң тілін қазақ тілінде оқуына мүмкіндік беру үшін факультеттен тұңғыш рет қазақ бөлімін ашты әрі  бүкіл саналы ғұмырын заңгерлер тәрбиелеуге арнады. 

  Факультеттің негізін қалаушылар қатарында С.Я.Булатов, К.Ф.Котов, М.П.Хангалов, Л.В.Дюков, Я.М.Бельсон, А.М.Агушевич, В.И.Попов, И.Д.Фондаминский, А.Н.Таукелев, т.б. бар. Аталған заңгер-ғалымдардың факультеттегі оқу үдерісі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының  жандануында еңбегі өлшеусіз. Алдыңғы буын ағалардың ізін бүгінде ҚР Ұлттық заң академиясының академиктері, ғылым докторлары мен кандидаттары, PhD докторлар, профессорлар, сот, құқық қорғау органдарының тәжірибелі мамандары жалғастыруда. Яғни, олар болашақ заңгерлерді заман сұранысына лайықты мамандар ретінде шыңдауда. 

Университеттің имиджі бірнеше құрамдас бөліктерге, соның ішінде материалдық ресурстарға, оқытушылар мен студенттерге байланысты. Сондықтан, жоғары оқу орындарының оқытушыларына зиялы қауымның өкілдері ретінде азаматтық жауапкершілік, ар-ождан, әдептілік, қарапайымдылық сияқты адами қасиеттер тән десек, бұл тұрғыда заң факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамы қоғамның рухани әлеуетін қалыптастыруда белсенді роль атқарады. ҚазҰУ-дің, оның ішінде заң факультетінің заңгерлер дайындауда барлық уақытта алдыңғы қатардан көрінуі оның әрқашанда өзінің биігінде қала беретінін айқындайды. Айтып өтерлігі, осы жылы заң факультетінен 374 бакалавр мен 115 магистр түлеп ұшты. Сонымен қатар, бес докторант бітірді. Заң факультетінің басты ерекшелігінің бірі келешек заңгерлерге дипломмен қоса әскери атақ беріледі.

Республика бойынша жоғары оқу орындары арасында   он жылдан бері өтіп келе жатқан «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы», «Үздік ғылыми қызметкер» байқауларының екі жүзден аса жеңімпазының қырықтан астамы Әл-Фараби  атындағы ҚазҰУ-дің оқытушылары мен ғалымдары. Бұл дегеніміз, факультет ұстаздарының кәсіби шеберлігі жоғары мамандар дайындау мен ғылым-білім салаларындағы орасан зор еңбектерінің айқын көрінісі.

Гулия Мұқалдиева,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек

құқығы кафедрасының  ассисент-профессоры

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...