Түркістан қаласында сотталған заңды қаскөйлікпен бұзып, сот жүктеген жазаның өтелмеген бөлігін абақтыда өтейтін болады.
Қазіргі таңда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде 185 сотталған азамат есепте тұрады Есептегі сотталған адамдар арасында әртүрлі мінез-құлықты адамдар кездеседі, бірі қылмыс жасағанына өкініп, қылмыспен келтірген залалдың орнын толтырып, түзелу жолына түскен азаматтар болса, енді бірі тәртіпке бағынбай, сот жүктеген міндеттерді атқармай, жаза өтеу ережелерін қаскөйлікпен бұзып, темір торға тоғылып жатқандар да кездеседі.
Өзінің қателігін қайта жасап, қатаң жазаға тағайындалатын адамдар кездесіп жатады. Осындайда, Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Түркістан қалалық пробация қызметіне тіркеуге алынып, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған азаматтың қателігін өзгелер қайталамасын деген оймен оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Бөтеннің мүлкін жасырын жымқырған Батыр Түркістан қалалық соты бойынша пробация есебіне алынған болатын. Өздеріне берілген мерзімде құқық бұзушылыққа жол бермей, өзіне жүктелген міндетті орындамаудың салдары қатаң жазаға алып келіп соғатынын әсте ойламаса керек. Ол қоғамға келтірген зиянды әрекетінен сабақ алмай. Пробация қызметі бөлімінде есепте бола тұра қайта қылмысқа жол бергені үшін және сот үкімімен белгіленген жазаның орындалу тәртіптерін өрескел қаскөйлікпен бұзғаны үшін Түркістан қалалық сотымен ҚР ҚК- нің 44-бабы 3-бөлігі негізінде бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды.
Жаза тағайындау кезінде сот барлық факторларды ескеріп, сонының ішінде қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін
мән-жайларды ескеріп адамға жаза тағайындайды.
Осы орайда Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталған 185 адам тұрады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-атқару кодекстерінде сотталған есептегі адамдардың жаза өтеу барысында міндеттері мен шарттары айқындалған.
Пробация қызметінің қызметкері адамды тіркеуге алған соң, оған сот үкімімен берілген жазаны, оның міндеттері мен жазаны өтеу шарттарын түсіндіріп, ол адамнан қол хат, міндеттемелер алады. Дегеммен, сотпен сотталған адамға үкім тағайындау барысында түзеу мекемесіне жолдамай-ақ, қоғамнан оқшауланбай түзелуі мүмкін деген соттың сенімін ақтамай, берілген мүмкіндікті пайдалана алмайтындар да бар.
«Ақылды өзгеден сабақ алады, ақымақ өз қателігінен сабақ алады» деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған сотталғандар өздерінің жасаған қателігінен сабақ алып, қайта қылмыс жасамаса екен, — деді Түркістан қалалық пробация қызметінің бастығы әділет капитаны Жасұлан Батырханұлы.
Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы