12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Заңдағы толықтырулар  азаматтар құқығын тиімді қорғаудың кепілі

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процессуалдық заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейін реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңының қабылдануына орай,  сот жүйесі мен Азаматтық процестік кодекске бірқатар түзетулер енгізілді.

Соған орай айтар болсақ,  биылдан бастап сырттай өндіріс алынып тасталды. Азаматтық істердің облыстық және оған теңестірілген соттың соттылығына жатқызылу нормасы толықтырылды. Облыстық және оған теңестірілген сот тараптардың келісуімен осы облыстың аудандық (қалалық) соттары мен оларға теңестірілген соттарының іс жүргізуіндегі біртекті істердің бірін талап етіп, оны өз іс жүргізуіне қабылдай алады. Әрі бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қарап, шешеді.

Биылғы бірінші тамыздан бастап азаматтардың аумақтан тыс соттылықты таңдау құқығына ие болатынын да айта кеткен жөн.

Ең басты жаңалық, дауды сотқа дейін реттеу хаттамасы енгізілді. Егер сотқа дейінгі хаттама Азаматтық процестік кодекстің  73-бабының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес жасалса, талап қою он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Бұл хаттаманың артықшылығы – тараптар талап қоюды қабылдау сатысында дәлелдемелер алмасып, өзара келісімге келе алады. Хаттамада іске қатысушылардың талаптары мен қарсылықтары, іс сотта қаралған жағдайда пайдаланатын дәлелдемелерге сай жасайтын әрекеттері көрсетіледі.

Қазіргі мақсат қоғамдағы дау-дамайды азайту десек, даудың сотқа дейінгі хаттамамен реттелуі күтілген нәтижеге жетуге мүмкіндікті одан әрі арттырады. Айта кетерлігі, дауды сотқа дейін реттеу хаттамасын жасау не жасамау тараптардың қалауына қарай шешіледі.  

Бұған қоса жеңілдетілген өндіріс кеңейтілді. Балалардың мүдделерін қозғайтын істерді қоспағанда, тараптардың өтінішхаты немесе өз бастамасы бойынша талап қою ісін жүргізу істерінің кейбір санаттары оңайлатылған іс жүргізуде қаралады. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатын істер талап қою қабылданған күннен бастап есептегенде бір айда бітуі керек. Бұл мерзім ұзартылмайды.

Атқарушылық жазба жасауда нотариустарға бірқатар даусыз талаптар беріліп, құзыреттері кеңейтілді. Олардың қатарына міндетті зейнетақы аударымдары, өндіріп алу туралы талаптар, дауды реттеу туралы нотариуспен куәландырылған және адвокаттармен партисипативтік рәсім тәртібімен жасалған келісімдер кіреді. Ескерерлігі, міндетті зейнетақы аударымдарына қатысты заңдылық алдағы тамыз айынан бастап күшіне енеді.

Апелляциялық және кассациялық сатыдағы соттарға шағым жасауда аумақтық органдардың жоғары тұрған мемлекеттік органмен ұстанымын келісу міндеті енгізілді. Өз кезегінде бұл орталық мемлекеттік органдардың олардың аумақтық құрылымдарының сотқа талап қоюда үйлестіруші рөлін күшейтеді.

Заңдарға жасалған түзетулер мен толықтырулар жүйе жұмысының ашықтығы мен жеделдігін қамтамасыз етіп, татуластыру шараларының қолдану аясын кеңейтеді, сонымен қатар, халықтың соттарға деген қолжетімділігін және сот рәсімдерінің ыңғайлылығын арттырады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, заңды мүдделерінің тиімді қорғалуын қамтамасыз етеді.

И.Абекова,

Түрксіб аудандық сотының судьясы,

Алматы қаласы

Мемлекеттік тіл – Мәңгілік Елдің мәңгілік тілі

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениетінің көрінісі. Әр халықтың...

Сот ісін жүргізудегі мемлекеттік тіл

Қазақстан – құқықтық мемлекет. Құқық үстемдігі мен әділ сот...

Жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді әдістері

Құқықтық мемлекет құру жолында жемқорлықпен күрес – ең өзекті...

2 наурызда Мемлекеттік күзет қызметіне үміткерлерді іріктеу басталады

2 наурызда барлық аймақтардағы жергілікті әскери атқару органдарында Қазақстан...

Татуласу рәсімдерінің құқықтық негіздері және оларды жүргізу тәртібі

Бүгінгі таңда соттарда қолданылатын медиацияның мақсаты дауды (жанжалды) шешудің...