Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарының сақталуы туралы Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ш.Турдуевпен сұхбат
– Мемлекеттік қызметшіге қойылатын басты талаптар қандай?
– Мемлекеттік қызметші үшін мінсіз бедел мен әдептілік – маңызды талап.
2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген жаңа «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда мемлекеттік қызметшінің әдептілігі мен мінсіз беделіне қатысты талаптар күшейтілді.
Мемлекеттік қызметші қызметтік әдепті сақтауға, өзінің мінсіз беделін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттерден аулақ болуға міндетті.
Ал Әдеп кодексінің талаптарының бірі – заңда белгіленген шектеулерді сақтау. Оның ішінде мемлекеттік қызметші ойын мекемелеріне барудан тартынуы тиіс.
– Мемлекеттік қызметшілерге қандай ескертулер мен шектеулер қойылады?
– «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның 14-бабы 8-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметші лауазымға кіріскен күннен бастап 30 күн ішінде құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуын заңда белгіленген тәртіппен өз бетінше шектеуге міндетті.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңның 12-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер құмар ойындарға және бәс тігуге қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.
Бұл шектеулерді қабылдамау немесе сақтамау – жай ғана ескерту емес. Заңнамаға сәйкес, ол лауазымға қабылдаудан бас тартуға немесе қызметтен босатуға негіз болуы мүмкін.
Мемлекеттік қызметші үшін мінсіз бедел мен әдептілік – маңызды талап.
– Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасымен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қалпына келтіру қандай тәсілдермен және қалай жүзеге асырылады?
–Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беруге жүргізілген талдау нәтижесімен анықталған бұзушылықтар.
Мемлекеттік қызметшілерге еңбек демалысын беру кезінде құқықтарының сақталуына қатысты жүргізілген талдау нәтижесінде анықталған бұзушылықтар.
Мемлекеттік қызметшілердің іс-сапарға шығуы кезінде құқықтарының сақталуына зерделеу нәтижесінде анықталған бұзушылықтар
Мемлекеттік органдардың тәртіптік практикасына жүргізілген талдау нәтижесінде анықталған бұзушылықтар.
- Жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер.
- Агенттік Төрағасының бұйрығымен бекітілген мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимінің сақталуына жүргізілген мониторинг.
4.Өтініштер және тағыда басқа
Тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі тексерілетін мемлекеттік органға тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қарауға міндетті ұсыну енгізеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қабылдайды.
Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыну онда көрсетілген бұзушылықтарды күнтізбелік отыз күн ішінде жою жөнінде шаралар қабылдана отырып қаралуға жатады.
Осылайша ұсыну енгізу арқылы қызметшілердің құқықтары қалпына келтіріледі.
– Сіздің басқармаңыз нақты қандай бағыттар бойынша жұмыс атқарады және оның қызметі халықтың күнделікті өміріне қалай әсер етеді?
– Өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Департамент тарапынан мониторингтер мен тексерулер жүргізіліп, талдаулар жасалады, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалардың және мемлекеттік қызметшілердің өтініштері қаралады.
Мысалы, Департамент бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған жағымсыз сипаттағы материалдарға тұрақты түрде мониторинг жүргізеді.
Қазіргі цифрлық технологиялар дәуірінде азаматтардың мемлекеттік қызметшілердің әрекеттеріне қатысты наразылығын бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы білдіруге мүмкіндігі бар. Мәселен, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларына қайшы келетін сөздері немесе мінез-құлқы, жанжал жағдайларына қатысуы және басқа да келеңсіз әрекеттері туралы мақалалар мен бейнероликтер жарияланып жатады.
Егер жарияланған ақпарат өз растауын тапқан жағдайда, Департамент тарапынан кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша тиісті шаралар қабылданады.
Агенттік қызметінің тағы бір маңызды бағыты – азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік органдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және қабылдаған шешімдеріне қатысты өтініштері мен шағымдарын қарау.
Бұл – барлығымыз үшін маңызды бағыт деп санаймын. Себебі халықтың кері байланысы біздің жұмысымыздың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
Департаментке мемлекеттік қызметшілердің немесе мемлекеттік органдардың әрекеттеріне қатысты түрлі өтініштер келіп түседі.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ш.М. Турдуев


