12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Заңды бұзудың түбі – темір тор»: сотталғанның ащы өкініші

Қызылорда облысында сотталған азамат ащы өкінішін айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекемелерінде түрлі қылмыс жасаған азаматтар жазасын өтейді. Солардың бірі – бүгінде 63 жасқа келген азамат. Ол жалған шот-фактура жасау фактісі бойынша сот үкімімен 4 жылға бас бостандығынан айырылып, қазіргі таңда ҚАЖ мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Жер ортасы жасқа жеткен сотталған өз өкінішін жасырмайды.

— «Алтын көрсе, періште жолдан таяды» демекші, мен де қателікке бой алдырдым. Зейнет жасына жетуіме аз ғана уақыт қалған еді. Сол күнге жете алмай, темір тордың ар жағында отырғаным жаныма қатты батады. Қателігімнің зардабын күн сайын сезініп келемін. Алғашында өте ауыр болды. Бірақ психологтардың қолдауы, мекеме қызметкерлерінің түсіндіру жұмыстары маған ой салды. Енді түзеліп, қалған өмірімді дұрыс жолда өткізгім келеді. Жастар, мен сияқты өкінішпен өмір сүрмеңдер. Заңды бұзудың түбі – темір тор. Адал еңбектен асқан бақыт жоқ. Болашақтарыңды қылмыспен көлеңкелемеңдер, – дейді ол.

От трудностей в борьбе с ВИЧ-инфекций – к эффективным изменениям

1 декабря 2025 года в учреждений №79 Департамента УИС...

АИТВ қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге

2025 жылдың 1 желтоқсаны Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің...

Күш пен төзімділік сыналған сәт: Абай облысының әйелдер колониясында гір көтеруден турнир өтті

Абай облысының әйелдер колониясында Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері күні қарсаңында...