Заңды өкіл кәмелетке толмаған баласының көзінше ішімдік ішкені үшін жазаланды

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (әрі қарай – ӘҚБтК) 127-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша азамат С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

            Іс материалдарына сәйкес, Жамбыл облысы, Меркі ауданының тұрғыны азамат С. өз үйінде жасы кәмелетке толмаған ұлы Ж-нің көзінше алкогольдік ішімдік ішіп, кәмелет жасына толмаған ұлына кері әсерін тигізген. Аталған жағдайға байланысты, С.-ға қатысты ӘҚтК-тің 127-бабының 1-бөлігінің негізінде әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде хаттама толтырып, іс қозғалған.
            Өз кезегінде құқықбұзушы С. әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кінәсін толығымен мойындап, сотта С.-нің ата-аналық міндеттерін тиісті түрде орындамағаны бойынша әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана әрекеті жасағаны іске тіркелген құжаттармен толық дәлелденген.

ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігіне сәйкес, жасалынған құқық бұзушылық үшін он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады.

            Сот қаулысымен құқықбұзушы С. ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 30 275 (отыз мың екі жүз жетпіс бес) теңге айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Өз тілшіміз.

Патриот, ученый, учитель

(к 99-летию со дня рождения академика Султана Сартаева)  15 октября...

Пуля и Геля спасают жизни 

25 ЛЕТ РУКОВОДИТЕЛЬ КИНОЛОГИЧЕСКОГО ОТДЕЛЕНИЯ ОПЕРАТИВНО-СПАСАТЕЛЬНОГО ОТРЯДА ДЕПАРТАМЕНТА ПО...

Эффект NPC: Как видеоигры меняют сознание убийц

В 2025 ГОДУ В ШКОЛЕ БАНДАРУТАМА (МАЛАЙЗИЯ) 15-ЛЕТНИЙ ПОДРОСТОК...

Правовая модель циркулярной экономики

СЕГОДНЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ ПОЛИТИКА УЖЕ НЕ МОЖЕТ ОГРАНИЧИВАТЬСЯ ВОПРОСАМИ ВЫВОЗА,...

Между сервером и законом

МАСШТАБНЫЙ СБОЙ В РАБОТЕ СЕРВИСОВ «ЯНДЕКСА» И ФАКТЫ УТЕЧКИ...