Заң және тәртіп

Алматы қаласында «Ауыл» партиясы Алматы қаласы филиалы мен Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің колледжі студенттері арасында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасына арналған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты — жас буынға құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау бойынша түсінік беру және қоғамдық тәртіптің мән-маңызын кеңінен түсіндіру болды.

Кездесуге арнайы шақырылған Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің тәжірибелі қызметкерлері студенттерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы, құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары және жастар арасында жиі кездесетін әкімшілік-құқықтық мәселелер жөнінде жан-жақты видио ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының өкілдері қазіргі қоғамда тәртіп сақшыларының рөлі, құқық бұзушылықты болдырмаудың тиімді жолдары, киберқауіпсіздік, жастардың құқықтық жауапкершілігі секілді өзекті тақырыптарды қамтыды.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері, қылмыстың алдын алу шаралары, құқық бұзушылық анықталған жағдайда азаматтың құқықтары мен міндеттері туралы тереңірек түсініктеме берді. Тәртіп сақшылары студенттердің сұрақтарына  егжей-тегжейлі жауап беріп, нақты мысалдар келтіре отырып, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған пайдалы кеңестер ұсынды.

«Ауыл» партиясы өкілдері өз сөзінде жастардың құқықтық білімін нығайту — қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің кепілі екенін ерекше атап өтті. Партия филиалы алдағы уақытта да білім беру ұйымдарымен тығыз жұмыс істеп, жас буын арасында құқықтық мәдениетті көтеруге бағытталған іс-шараларды жалғастыруды көздеп отырғанын жеткізді.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, студенттер мен мамандар арасында өзара түсіністік пен қызығушылық атмосферасын қалыптастырды. Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытындағы жұмыстардың жалғаса беруі қажеттігін айтты.

Ауыл партиясы Алматы қаласы филиалы

Оразымбет Оспанұлы: Мемлекеттік көмек шын мұқтажға ғана берілуі керек

Қайырымдылықпен айналысатын таныс кісі бар. Әкімдікпен, қалталы азаматтармен бірлесіп,...

Тренерам детских спортшкол Казахстана предусмотрели доплату 30%: что меняется в системе детского спорта

В Казахстане меняется система финансирования детско-юношеского спорта. Одним из...

Жетісу медицинасының кадрлық әлеуетін қалыптастырған колледжге – 90 жыл

Бүгін Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында Талдықорған...

Создаются «Команды развития села»

КАЗАХСТАНСКОЕ СЕЛО ДОЛГОЕ ВРЕМЯ ОСТАВАЛОСЬ МЕСТОМ, ГДЕ ГОСУДАРСТВЕННАЯ ПОМОЩЬ...

В поддержку людей с особыми потребностями 

С 1 ЯНВАРЯ 2025 ГОДА В КАЗАХСТАНЕ ВВЕДЕНО ОБЯЗАТЕЛЬНОЕ...