spot_img
spot_img

«Заң және тәртіп» – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры

Мемлекет басшысының жыл сайын халыққа арнап жолдау жасап, елді дамытудың басым бағыттарын белгілеуі жақсы дәстүрге айналды. Негізгі салалардың жетістіктері мен кемшіліктері сарапқа салынып, әр құрылымға нақты тапсырмалар жүктейтін болғандықтан бұл құжаттың ел дамуындағы рөлі жоғары. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Жолдауы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» деген тақырыппен көпшілікке жол тартты.

Президенттің дәл осы тақырыпты бағдар етіп алуы бекер емес. Себебі бүкіл әлем сандық технология мен жасанды интеллектті меңгеріп, барлық саланы жаңа үрдіске сай ілгерілетуді мақсат етіп, сол бағытта іргелі ізденістер жасап жатыр. Қазақстан да әлем қауымдастығының ажырамас бөлігі болғандықтан, бұл жаңашылдықтардан сырт қалмауы, сандық технологияны игеруде әлемдік көшке ілесуі керек.  

«Жасанды интеллекттің қарқынды дамуы қазірдің өзінде халықтың, әсіресе, жастардың мінез-құлқы мен болмыс-бітіміне әсер етіп жатыр. Басқаша болуы мүмкін емес. Себебі бұл үрдіс бүкіл әлемде қалыптасқан тәртіпті және адамдардың өмір сүру салтын біржола өзгертуде. Біз бұған дайын болып, батыл әрекет етуіміз керек. Әйтпесе артта қалудың салдары өте ауыр болады. Сондықтан мен алдымызға өте маңызды стратегиялық мақсат қойдым. Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек. Біз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғыртуымыз қажет» деген Мемлекет басшысының тапсырмасына сай бүгінде барлық салада серпінді жұмыстар қолға алынуда.

Елімізде цифрлық дамуға жауапты арнайы министрлік құрылып, Цифрлық кодексті қабылдауда ауқымды ізденістер жасалды. Мұндай мақсатты жұмыстар Қазақстанның сот саласында да тұрақты қолға алынуда.

Қазір елімізде 21 кодекс, 300-ден астам заң бар. Оларға тым көп түзету енгізілген. Кейбір нормалар бір-біріне қайшы келіп жатады. Түптеп келгенде, осының бәрі елдің өркендеуіне, азаматтардың құқықтық мәдениетінің артуына, бизнестің дамуына кедергі келтіреді. Соған орай Президент Жолдауда еліміздің заңнамаларын түгел тексеріп, зерделеп шығуды міндеттеді. Шынында заңдарды жиі жаңғырту сот жұмысының сапасына да аз әсер етпейді. Ал заңдарды күнделікті бақылап отырмаған қарапайым азаматтарға өз құқығын сауатты қорғау тіпті қиындық келтіреді. Сондықтан, заңдарды тұрақтандырумен бірге, олардың маңызы мен негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша ақпараттандыру жұмыстары бір сәт те кешеуілдемеуі керек. Осы ретте Президенттің «Заңды күрделендіре бермеу керек. Қайта оны кәсіпкерлердің қажетіне қарай бейімдеп, министрлер мен әкімдердің нақты нәтиже үшін жеке жауапкершілігін күшейткен жөн» деген сөзі назарда ұсталғаны жөн.

Сонымен бірге цифрландыру дәуірінде де «Заң және тәртіп» – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры болып қала береді. Өйткені, тәртіпке бағынған елдің болашағы баянды.

Тимур Раисов,

Алматы қаласы әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы

Салық кодексінің жаңғыртылуы – заман талабы

Өркениетті, зайырлы қоғамда жаңа заңнамалардың қабылданып, қолданыстағы құжаттарға тиісті...

Шарт бойынша туындайтын даулардағы ортақ мәселе

Шарттық даулар – шарттық міндеттемелерден туындайды. Мұндай даулардың негізгі...

Мемлекеттік сатып алудағы жосықсыз қатысушылар тізімі қалай жасалады?

Мемлекеттік сатып алу мемлекеттік қаражатты жұмсау және мемлекеттік қажеттіліктерді...

Қоғамдық жұмыстарға тарту – әкімшілік жазаның жаңа түрі

Заманымыздың заңғар перзенті Бауыржан Момышұлы «Тәртіпке бағынған құл болмайды»...

Жол қауіпсіздігі басты назарда

Қара жолда орын алып жатқан қайғы аз емес. Жолдағы...