«Заң және тәртіп» – халыққа тегін құқықтық көмек

Семей қаласындағы сауда орталықтарының бірінде құқық қорғау органдары мен Абай облысы әкімдігі өкілдерінің қатысуымен «Заң және тәртіп» атты акция өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – халықты қолжетімді заң көмегімен қамтамасыз ету, мазалаған сұрақтарға түсініктеме беру. Кез келген азамат мамандарға жүгініп, құқық бұзушылықтар мен әкімшілік рәсімдерден бастап әлеуметтік қамсыздандыру мен тұрғын үй мәселелеріне дейін түрлі салалар бойынша кәсіби кеңес ала алды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің превенция басқармасы басшысының орынбасары Саят Базановтың айтуынша, бұл іс-шара халық арасында үлкен қызығушылық тудырды.

  • Іс-шараға облыс әкімдігінің барлық құрылымдық басқармалары, сондай-ақ полиция, әділет және мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері қатысуда. Бұл акция – тек халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру емес, сонымен қатар мемлекеттік органдардың ашық жұмысын қамтамасыз ету жолы, – деп атап өтті ол.

Акцияға келген тұрғындар мемлекеттік қызметтер алу, құқықтар мен міндеттерді сақтау, құқық қорғау органдарымен өзара әрекет ету механизмдері туралы сұрақтар қойды. Әр түрлі мекемелердің өкілдері толық әрі түсінікті жауаптар берді.

«Тәуелсіз зерттеулер орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жанар Қабидоллақызы азаматтардан келіп түскен өтініштердің кең ауқымына назар аударды:

– Бүгінгі іс-шараның негізгі мақсаты – құқықтық көмек пен қызметтерді адамдарға жылдам, сол жерде, диалог форматында көрсету. Сонымен қатар бұл акция сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мен нығайтуға бағытталған. Мұнда түрлі басқарма мен мекемелердің өкілдері келіп отыр, олар нақты әрі жан-жақты жауап беруге дайын. Азаматтардың көптеген сұрақтары құжат рәсімдеуге қатысты., – деді ол.

Іс-шараға қатысушылар мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтті: олар билік пен қоғам арасындағы диалогты нығайтады, құқықтық өзара іс-қимыл мәдениетін қалыптастырады және халықтың ақпараттану деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Курс молодого бойца

С 31 АВГУСТА ПО 20 СЕНТЯБРЯ 370 КУРСАНТОВ, ПОСТУПИВШИХ...

Алматы мен Астана Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшылықты сақтап қалуға дайын

Алматы ұзақ уақыт бойы Қазақстанның саяси және коммерциялық функцияларын...

Алматы и Астана сохранят экономическое лидерство в Центральной Азии

Алматы долгое время объединял политические и коммерческие функции Казахстана...

АСЫЛХАННЫҢ АСУЛАРЫ

«Биссмила» деп бастадым сөздің басын,Мұсылманның ұрпағы біз болғасын.«Дін –ұлттың...

Условно-досрочное освобождение

Условно-досрочное освобождение – это прекращение отбывания наказания до истечения...