Заң талабын сақтау баршаға ортақ міндет

Құқығы мен заңды мүддесіне, бостандығына нұқсан келтірілгендер соттан әділдік іздейді. Ал соттар әділдіктің салтанат құруының, заң үстемдігін орнатудың басты кепілі саналады. Жалпы алғанда, адамның өз құқығын қорғай алуы оның құқықтық білім-білігіне тікелей байланысты. Сондықтан, жұртшылыққа заң нормаларын түсіндіру әрқашан да маңызды. Осы мақсатта мақалаға Азаматтық процестік кодекстің (АПК) 19-20-баптарын арқау етеміз. 19-баппен сот талқылауының жариялылығы нақтыланған.

Осыған орай азаматтық істерді талқылау барлық сот сатысында ашық жүргізіліп, сот актілері жариялы түрде хабарланады. Аталған баптың 7-бөлігіне сәйкес, іс тараптары мен  басқа да адамдар, оның ішінде БАҚ өкілдері сот отырысының барысын дыбыс жазба құралдарының, цифрлық жеткізгіштердің көмегімен жазып алуға құқылы. Бірақ, олар мұндай әрекеттерін сот отырысына кедергі келтірмейтіндей жағдайда, яғни, орындарында отырып іске асырулары тиіс. Осы тұста ескерерлігі, сот талқылауы залында фотоға түсіру немесе бейнежазба жасау, бейнетрансляция жүргізу, т.б. соттың рұқсатымен және іс тараптарының келісуімен болады. Сот отырысындағы кез келген әрекет процестің қалыпты өтуіне кедергісін тигізбеуі керек.

Сонымен қатар,  сот отырысының жабық түрде өту тәртібі де осы баппен айқындалған. Мысалы,  мемлекеттік құпияға жататын мәліметтер қамтылған шешімді жариялауға, бала асырап алуға қатысты істерді қарап, шешу заңға сәйкес жүргізіледі. Бұған қоса жеке өмірге қолсұғылмау, жеке, отбасылық, коммерциялық, заңмен қорғалатын өзге де құпияларды сақтау қажеттілігі  туса, ашық талқылауға кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар болса, сондай-ақ, АПК-нің 188-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайларда іске қатысушының өтінішхатымен немесе соттың бастамасымен азаматтық іс жабық сот отырысында қаралып, шешілуі мүмкін.

 Ашық сот отырысында өзара хат жазысу, басқа да жеке хабарлар соған қатысы бар адамдардың келісімімен ғана жария етіледі. Егер мұндай келісім болмаса жеке хаттар мен хабарлар жабық сот отырысында зерттеліп, жарияланады. Соған сәйкес, жеке мәліметтері бар дыбыс-бейнежазбалар, сурет, кино материалдары, электрондық, цифрлық, өзге де жеткізгіштердегі материалдарды зерттеу кезінде қолданылады.

   Іс жабық сот отырысында талқыланған кезде оған іске қатысушылар, олардың өкілдері, қажет болған жағдайда куәлар мен сарапшылар, мамандар, аудармашылар тартылады. Мұндай кезде оларға осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді жария ету заңмен көзделген жауапкершілікке әкелетіні ескертіледі. Іске ешқандай қатысы болмаса он алты жасқа толмағандар сот процесіне кіргізілмейді. Жабық сот отырысында АПК мен белгіленген талаптар қатаң сақталады.

Сот актілері заңды күшіне енген соң соттың интернет-ресурсында жарияланады. Соттың іс жүргізуіндегі азаматтық істерге қатысты өтініштер туралы ақпараттар  соттың ресми интернет-ресурсында орналастырылады. Осы арқылы процесс қатысушылары олармен танысу мүмкіндігіне ие болады.

Сот отырысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету нормалары 20-баппен белгіленген. Себебі, барлық уақытта қауіпсіздік мәселесі бірінші орында тұрады. Сот отырысындағы тәртіпті қамтамасыз ету міндеті сот приставтарына жүктелген. Сонымен бірге  сот процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін төрағалық етушнің сот залына келгендердің жеке басын куәландыратын құжаттарын, заттарын тексеруге өкім ету құқығы бар.

Өркениетті елдерде адам құқығы әрқашан да жоғары тұрады. Сол себепті, ел азаматтары заң талаптарын жетік біліп, оларға құрметпен қарауға тырысулары керек.

Айгүл Абайдельдинова, Бостандық аудандық сотының судьясы Алматы қаласы

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...