Заң мен тәртіпті сақтаған елдер әлемдегі ең қауіпсіз мемлекеттер қатарында – Жеңіс Қасымбек

Конституцияға енетін жаңа өзгерістерде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» сынды негізгі идеялық қағидаттарды нормативтік тұрғыда бекіту көзделген. Бұл туралы Конституциялық комиссия мүшесі, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты. 

«Ата Заңымыздағы «Заң мен тәртіп» қағидаты – Әділетті Қазақстан идеясын нығайтудың негізгі шешімі деп санаймын. Бүгінде әлем жұрты Қазақстанды азаматтардың құқығы мен бостандықтарын мүлтіксіз сақтауға айрықша басымдық беретін ел деп таниды. Бұл бастама болашақ ұрпақ үшін бірлік пен ынтымақты, этносаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі сақтаудың берік іргетасына айналады», – деді Жеңіс Қасымбек Конституциялық реформалар комиссиясының V отырысында. 

Елорда әкімі көптеген елде дамудың негізгі факторы заң үстемдігі мен тәртіптің сақталуымен байланысты екенін атап өтті. Азаматтары өзінің заң алдындағы қатаң жауапкершілігін түсінеді және заң мен тәртіпке бағыну мәдениетін қатаң ұстанады. Мұндай елдер әлемдегі ең қауіпсіз мемлекеттердің қатарында, ал адамдары мемлекеттік институттарға толықтай сенеді. 

2023 жылы Мемлекет басшысы көтерген «Таза Қазақстан» идеясы да ел азаматтарының өмір салтына айналды. 

«Бұл қағидатты негізгі постулаттардың бірі ретінде енгізу – азаматтардың қоршаған орта мен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін қалыптастырады. «Таза Қазақстан» – тек қоршаған ортаға қамқорлық қана емес: ой мен сөздің тазалығы, іс-әрекеттегі жауапкершілік, заңға және қоғамдық құндылықтарға деген құрмет, күнделікті өмірде мәдениетті сақтау деген сөз», – деді Жеңіс Қасымбек.

Сонымен бірге, Жеңіс Қасымбек әр адамды құндылық ретінде бағалайтын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасына да ерекше тоқталды.

«Жергілікті мемлекеттік органдар жұмысының жемісті болуы – халықпен жүйелі байланысты талап етеді. Тәжірибе көрсеткендей тұрғындармен тұрақты және конструктивті диалог орнату – аймақтарды кешенді дамытудағы негізгі фактордың бірі. Осыған орай аталған ұсыныстардың бекітілуін қолдаймын», – деді Жеңіс Қасымбек. 

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...