12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ЗАҢ мен тәртіп

Бүгін Абай облысы бойынша ҚАЖД-нің Үржар аудандық пробация қызметі есебіндегі сотталған азаматтар арасында Аудандық прокуратура, аудандық полиция бөлімі және аудандық пробация қызметінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» атты іс – шара ұйымдастырылды. Шараға пробация қызметінің есебіндегі және жергілікті полиция қызметінің есебінде тұрған азаматтар қатыстырылып, оларға заң талаптарын және қоғамдық тәртіпті бұзбай өздерін қоршаған ортада дұрыс ұстаулары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қаттар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық Мансап орталығы қызметкерлері өздері тарапынан сотталған азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлері және олардың тұрақты жұмыстармен қамтылу, мемлекет тарапынан көрсетілетін бір реттік қаржылай көмек түрлері бойынша кеңінен мәліметтер берді. Сотталған азаматтар өз кезегінде өздерін қызықтарған сұрақтарын қойып, ұтымды жауаптарын алды. Бұл іс-шараның өткізілуі біз сияқты азаматтарға пайдасын тигізе отырып, құқықтық әлеуметтік көмектер және заң талаптары бойынша да көптеген мәліметтер алдық деп өз ойын білдірді бір азамат. Бұл бағыттағы жұмыстар үнемі жалғасын тауып, келешекте бұл санатқа кіретін азаматтармен тәрбие және түсіндірме жұмыстары жүргізіле бермек.

Абай облысы бойынша ҚАЖД
Үржар аудандық пробация қызметінің бастығы
әділет майоры Б.А.Ерденбеков

Заң мен адалдық: полиция 200-ге тарта студентке дәріс өтті

Түркістан облысының полицейлері «Адал азамат» жобасы аясында ұрпақ тәрбиесіне...

Заманауи білім мен белсенді студенттік өмір

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-еліміздің жоғары білім беру жүйесінде...

Қазақстан Республикасында сот жүйесін нығайтудағы Судьялар одағының рөлі

Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет ретінде қалыптасу жолында сот билігінің...

ӘРПК-дегі татуластыру рәсімдері

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексі (ӘРПК) әкімшілік...