«Заң мен тәртіп» — тұрақтылық, қауіпсіздік және әділеттілік негізі

Заң мен тәртіп — қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің, әділеттілік пен дамудың іргетасы. Заң үстемдігі орнаған жерде бейбітшілік пен құқық қорғалады, ал тәртіпті сақтау — әрбір азаматтың ортақ міндеті. Мемлекетте заң бұзушылыққа жол берілмейді, себебі ол бейберекеттік пен хаосқа әкеледі.

Қоғамның қалыпты дамуы үшін заң мен тәртіптің маңызы ерекше. Заң — адамдардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын, мемлекет тарапынан бекітілген міндетті ережелер жиынтығы. «Заң алдында бәрі бірдей» қағидасы — құқықтық мемлекеттің мызғымас тұғыры. Заңды сыйлау — жоғары құқықтық мәдениеттің айқын көрінісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Әділетті Қазақстан — Заң мен Тәртіп үстемдік құратын ел». Бұл ұстаным жаңа қоғамдық келісімнің өзегіне айналып отыр. Заң мен тәртіп бар жерде әділдік салтанат құрып, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығы қамтамасыз етіледі.

Заң бұзылған жерде анархия мен бейберекеттік белең алады. Сондықтан тәртіпті сақтау — тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір азаматтың жеке жауапкершілігі. Әрбір адам заң талаптарын орындау арқылы елдегі тұрақтылық пен дамуға өз үлесін қосады.

«Заң мен тәртіп — тыныштық кепілі» екенін ұмытпауымыз қажет. Тәртіп бар жерде береке бар, бірлік бар, болашаққа сенім бар.

Адамбекова Лунара Жакеновна, Ұлытау облысының МАӘС сот әкімшісінің басшысы

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлық — заңды бұзу ғана емес, қоғамның әділдікке...

Әкімшілік іс жүргізу барысындағы дәлелдемелер және дәлелдеудің тәртібі мен ерекшеліктері

Соттар талап қою нысанасын дәлелдеу процесінде тараптардың, атап айтқанда...

Кассациялық сот құру сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттыру

Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судяларының мәртебесі туралы» Конституциялық...

Конституциялық құқық белгілерінің бірі — мемлекеттік тіл

Тіл – ұлттың рухани байлығы, елдің тарихи жады мен...

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және болдырмау іс шаралары

Қазіргі таңда әрбір дамыған мемлекеттің алдында тұрған ең басты...