«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында прокуратура дарынды балалармен кездесу өткізді

«Заң мен Тәртіп» қағидатын қоғамда кеңінен насихаттау және жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласының прокуратурасы №2 Оқушылар сарайының дарынды балаларға арналған лагерінде танымал блогер Мақсат Орынханның қатысуымен кездесу ұйымдастырды.

Іс-шара барысында прокуратура әзірлеген «Заң мен тәртіп — қоғамның тұрақтылығы мен дамуының негізі» тақырыбындағы бейнеролик көрсетіліп, заң үстемдігі, құқықтық тәртіпті сақтау және әр азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігінің маңыздылығы түсіндірілді.

Кездесу еркін форматта өтіп, балалар заңға құрмет, құқықтық сана, интернеттегі қауіпсіздік, азаматтық жауапкершілік және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша өз ойларын ортаға салды.

Блогер Мақсат Орынхан жастармен өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, өмірде оңай жетістікке жетудің жолы жоқ екенін, әрбір табыс еңбекпен, біліммен және табандылықпен келетінін атап өтті. Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, прокуратура қызметкерлері мен блогер тарапынан жан-жақты жауаптар берілді.

Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға, сондай-ақ «Заң мен Тәртіп» қағидатын қоғамда кеңінен дәріптеуге бағытталған.

                                     Шымкент қаласының прокуратурасы

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде оңалтудан кейінгі күйзелістің алдын алу мәселелері талқыланды

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде...

Территория новых увлечений и побед 

Два новых государственных комплекса TANYM ART и TANYM SPORT...

Под единым шаныраком

ВЕКТОР ИСТОРИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА НЕИЗМЕННО ОПИРАЕТСЯ НА ЕГО ФУНДАМЕНТАЛЬНЫЕ...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...